0:00 / 0:00
Ел бизнесі тоқырау үстінде. Пандемияның зардабын сезінген миллион кәсіпкерге қолдау қажет. Көптеген салада бизнестің жабылып қалу қаупі бар. Бұл оңай кезең емес. Қазіргі болжамдар бойынша ковидтің таралуы тағы жарты жыл, бәлкім, келесі жылдың аяғына дейін жалғасатын шығар, - деді "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. Оған қоса,бизнес қауымдастығының басшысы, кәсіпкерлер арзан несие сұрап отырғанын айтты.Қазақстандықкәсіпкерлер несиені 2 пайызға дейін төмендету керек дейді. Көріш Ресейде несие 0 пайызды құрайды.
Ел кәсіпкерлерінің мүддесін қорғап отырған "Атамекен" палатасының төрағасы пандемия барысында көптеген саладағы бизнестің жабылып қалу қаупі төніп отыр дейді. Мырзахметовтің айтуынша, пандемия тағы жарты жыл, бәлкім, келесі жылдың аяғына дейін жалғасуы мүмкін. Ал ел бизнесіне карантиндік шектеулерден аман шығу керек. Бизнеске берілетін несие жеңілдігін сұрайды.
Абылай Мырзахметов – «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы "Кәсіпкерлердің көбісі арзан кредиттер мен қайта қаржыландыруды сұрайды. Бүгінде бизнес үшін барлық бағдарламалар бойынша 6 проценттік мөлшерлеме белгіленген. Алайда кәсіпкерлер 2 пайызға дейін төмендетуді сұрайды, Ресейдегі сияқты 0 пайызға түсіру керек дейді. Бәлкім, локдаун қайталанса, осы шараларды қарастыру керек шығар. Президент тапсырма берді, біз үкіметпен бірге сан алуан сценарийді пысықтап жатырмыз"
Сондай-ақ, кәсіпкерлер қауымдастығы осы қиын-қыстау кезеңде мемлекеттен кредиттен басқа, бизнес салығы,жалға алу ақысы және әлеуметтік төлемдер жағынан жеңілдік жасап беруді сұрап отыр.
Абылай Мырзахметов – «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы «Елде еңбекке жарамды халықтың елу пайызы зейнетақы жарнасын аудармайды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар осылайша көлеңкеге кетіп жатыр. Еңбекақы қорындағы салықтар бар 32,5 пайызды құрайтын. Енді бізде зейнетақы жарнасының көлемін өсіру көзделген.Оған қоса медициналық сақтандыру қорына аударатын салым да өспек. Осылайша салық 38 пайыз болмақ. Бұл жұмыс берушіге ауыртпашылық түсіреді. Әрине көбі табысын жасырып, көлеңкеге кетуге мәжбүр болады. Біздіңше бұл салықты жеңілдетіп, бірыңғай төлем қылып, 20 пайыз деңгейінде бекіту керек. Сонда көлеңкелі экономикада жүргендер оралады».
Қазір "Атамекен" палатасы ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, зардап шеккен салалардың тізімін кеңейту жағын қарастырып жатыр. Карантиндік шектеулер кезінде 132 мыңнан астам адам шығынға белшеден батты. Бұдан бөлек, бір миллионға жуық бизнесмен коронавирус пандемиясынан әртүрлі мөлшерде зардап шекті.