0:00 / 0:00
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпті індетінің екінші толқынына дайындық мәселелері бойынша кеңес отырысын өткізді. Жиын барысында Президент медициналық маскалардың, птр тестердің бағасы тым қымбат екенін айтты. Ал кей өңірлерде екінші толқынға дайындық барысы нашар екенін сөзге тиек етті. Сондай-ақ, ковидтен қайтыс болған дәрігерлердің отбасына өтемақыны толық беруді тапсырды.
Қазақстанда коронавиурстың екінші толқыны қашан болатыны белгісіз. Бірақ ел билігі дайындықты күшейтіп жатыр. Тіпті бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен әкімдердің дайындығын сүзбеден өткізді. Себебі, жаз айларында індет шарықтағанда Қазақстан дайын болмай шығып, жүздеген адам құрбан болғаны есімізде. Тоқаев елде эпидемиологиялық аухал тұрақты болғанымен, қазір көптеген елде санитарлық ахуал күрделеніп жатқанын айтты. Президент бұл – коронавирус індеті қайта өршиді деген сөз деді. Бұл орайда, елде медициналық бетперде мен птр тестердің бағасы тым жоғары екенін айтты. Бәсекелестікті қорғау агенттігіне баға саясатымен айналысуды тапсырды.
Денсаулық сақтау министрлігі екінші толқынға сақадай саймыз деп мәлімдегенімен, өңірлерде дәрі-дәрмектерді тұрақтандыру қорларының көлемі және дайындық жұмыстары біркелкі емес.Кей өңірлерде ауруханалар дайындығы нашар.
Сондай-ақ, президент жасырын жиын-той өткізіп жатқандар көбейгенін айтты. Мониторингтік топ жұмысын күшейту қажет деді.
Пандемия барысында қауіпті індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген медицина қызметкерлерін қолдау мәселесін қозғады. Дәрігерлерге үстемақы төлеуге 150 млрд теңге бөлінгенімен, соны берудің өзінде бюрократиялық әрекеттер жасалып отырғанын айтты Тоқаев. 182 медицина қызметкері індетпен күресте көз жұмды. Алайда 32-ң ғана отбасына өтемақы берілген.
Өзге елдерде коронавирустың таралуы өршіп отырғандықтан шекарадағы бақылауды күшейту қажеттігі туындап отыр. Әуежайлар мен вокзалдарда қатаң эпидемиологиялық бақылауды қайтаруды тапысрды. Әкімдерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын шарықтатпау амалдарын жасауды жүктеді. Наннан бастап, етке дейін бағаcы күйіп тұр.