0:00 / 0:00
Ел бизнесі екінші локдауынды көтере алмайды. Бұл жайында Орталық коммуникациялар орталығында өткен онлайн брифингте «Атамекен» Ұлттық палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді. Елде ковид таралғалы , қатаң карантин шаралары барысында 800 мың кәсіпкер табысынан айрылып, жұмысы тоқтап қалды. Карантин жеңілдетіліп, бизнес жандана бастады.Бірақ пандемия салдарынан дәл қазір 200 мың кәсіпкер қайта аяғынан тұр алмай қалды.
Үкімет 2025 жылға қарай шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесін 35%-ға дейін жеткізуді мақсат тұтып отыр. Алайда, әлемді есеңгіреткен пандемия қазақстандық бизнестің дамуына үлкен қауіп төндірді. Қауіпті індеттің таралуына жол берему үшін енгізілген қатаң карантин шаралары кәсіпкерлердің жұмысын тұсаулап тастады. Әсіресе шағын және орта бизнес зардап шегіп отыр. Әрине сүрінген бизнеске сүйеу болу үшін мемлекеттік қолдау жасалуда. Қазынадан триллиондар бөлінді. Салықтан босату, несие мерзімін ұзарту сияқты шаралар қолға алынды. Бірақ пандемияның соққысы қатты болды. 800 мыңдай кәсіпкер табысынан айырылды.
Мырзахметовтің айтуынша, кәсіпкерлердің 40 пайыздан астамы несиенің төлем мерзімін шегеру мүмкіндігін пайдаланды. Президент жолдауында ол жыл соңына дейін ұзартылды. Сол сияқты салық төлемдерінен босату да жыл соңына дейін созылды. Ал жұмысын тоқтатуға мәжбүр субъектілердің қызметкерлеріне 42500 теңге көлемінде төлем төленді.Бірақ осы қолдаудың өзі локдаун барысында табысын жоғалтқан бизнестің есін жиюға аздық етіп отыр. Карантин шаралары жеңілдеп, бизнес ес жия бастағнымен, қазір елде 200 мыңдай кәсіп мүлдем тоқтап тұр дейді Мырзахметов. Ал күзгі толқын орын алса, екінші локдаунды бизнес көтере алмайды.
Не керек, ел экономикасының дамуында айтурлы рөл ойнайтын шағын және орта бизнестің бүгінгі ахуалы көңіл қоншытпайды. Пандемия барысында азық-түлік саласында кәсібін айналдырып отырғандар ғана зардап шеккен жоқ.