0:00 / 0:00
«Nur Otan» партиясы қайта жаңғырмақ. Партия қатарына елдегі жағдайды жақсы білетін, қоғам қолдауына ие беделді лидерлерді таңдау қажеттігі туындап отыр. Бүгін билік партиясының төрағасы, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Онлайн режимде өткен кеңесте партияның жаңа бағытта даму барысы, партияның "қайта жүктеу" бағдарламасын жүзеге асыру және партияішілік праймериз - сайлау өткізу барысын талқылады.
Билік партиясы қайта жүктеуден өтуді жөн деп тапты. Нұротандықтар өз қатарын елдің қамын жетік білетін, қоғам алдында беледі бар көшбасышлармен толықтырмақ. Ол үшін партия праймериз өткізді. Ендігі 10 мыңнан аса қазақстандық «Nur Otan» праймеризіне өтініш берсе, оның 9 мыңға жуығы кандидат ретінде тіркелді. Партия мәліметіне сүйенсек, кандидаттардың 36,4%-ы – әйелдер, 28,9%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар. Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоғам партияның праймеризіне қызығушылық танытып отырғанын айтты.
Қыркүйек айында жергілікті бағдарламалардың барлық 216 жобасы жарияланатын болады. Сондай-ақ партияның бес жылдық мерзімге арналған бағдарламалары қайта пысықталады. Партияішілік іріктеу кезеңдерін жүзеге асыру барысында елдегі індеттің таралуына орай санитарлық норманы сақтау басты мәселе болмақ.
Партия көшбасшысы «Nur Otan» қазақстандықтарды, қоғамның барлық сындарлы және салауатты күштерін біріктіруі тиіс деді. Тек сонда ғана кез келген қиындыққа төтеп бере аламыз деп тәмамдады өз сөзін. Партияның жан-жақты дайындығына қарағанда елде өтетін сайлаудың ауылы алыс емес -ау.