Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

42500 кімге беріледі?

c 19:20, 14/07/2020 c 752

0:00 / 0:00

Қатаңдатылған карантин тамыздың 2-іне дейін ұзартылды. Қазақстанда барлығы індет жұқтырған 61 755 науқас тіркелді. Оның 25 448-і емделіп жатыр. 35911 науқас жазылып шықты. 396 адам қайтыс болды. Денсаулық сақату министрлігінің соңғы мәліметтері осындай.  Елде коронавиврустың таралуы өршіп,екі аптаға карантин талаптары қатаңдатылғанды. Енді билік ахуал түзелмей тұрғандықтан карантинді тағы екі аптаға созды. Президенттің тапсырмасымен республикада карантин екінші тамызға дейін ұзартылды. Ал үкіметке шілде айында табысынан айырылған азаматтарға бір реттік 42500 теңгеден әлеуметтік жәрдем беруді тапсырды. Үкіметтің бүгінгі отырысында премьер –министр 42500 теңгенің кімдерге берілетінін айтты. Сондай-ақ, азаматтардың жекелеген санатына азық-түлікке ақшалай көмек беруді жалғастыруды тапсырды. Бұл санатқа бір миллионнан астам адам кіреді.  Еңбек министрі үкімет отырысынан соң, онлайн брифинг өткізіп жәрдемақының кімдерге, қалай берілетінін баяндады.

Аты шулы 42 500 теңгені елде ТЖ жарияланған кезінде берген болатын. Бизнестің жұмыс тұрып қалды. Қаншама адам жұмыссыз қалды. ТЖ жағдай алынып тасталған соң қазақстандықтар бұл төлемнен қағылған болатын. Алайда, елде қауіпті індеттің таралуы толастамай отырғандықтан, билік карантин талаптарын күшейітті. Екі аптадан бері көптеген кәсіпкерлердің жұмысы тұрып қалды. Енді Президент карантинді тағы екі аптаға созуды бұйырды. Бұл халық денсаулығы үшін қажетті шара. Ал Үкіметке  карантиннің күшейтілуіне байланысты табысынан айырылғандарға бір реттік 42 500 теңге жәрдемақы төлеуді тапсырды. Премьер-министр шілде айына әлеуметтік жәрдемақы кімдерге берілетінін айтты.

Сонымен қатар, Асқар Мамин еңбек министрлігіне азаматтардың жекелеген санатына азық-түлікке ақшалай көмек беруді жалғастыруды тапсырды. Бұл санатқа бір миллионнан астам адам кіреді.  Еңбек министрі Нұрымбетов бір айлық төлемді келесі аптадан бастап тағайындайтындарын айтты. Жұма күні осы жәрдемақыға өтініш қабылдау басталады. Тек жұмыс істеп жүріп шілде айында табысынан айырылғандар ғана бұл төлемді ала алады. Ал бұған дейін жұмыссыз жүргендерге қарастырылмаған.

Әзірге еңбек министрлігінде 42500 теңгені неше адам алатыны туралы, оған қазынадан қанша қаржы бөлінетіні туралы мәлімет жоқ. Министр алдағы екі күнде бұл мәліметті жариялайтынын айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.