0:00 / 0:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі банктер әрбір клиент үшін белсенді күреспей отыр деп сынады. Ұлттық банктің басты міндеті экономкиа мен бизнесті несиемен қамту деді. Сондай-ақ, Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, кепілсіз тұтыну несиесіне қатысты мәселені ұдайы бақылауда ұстау жөнінде тапсырма берді. Бұл жайында мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевпен онлайн кездесу барысында айтты.
Айта кету керек, еліміздің Ұлттық банкі Алматыдан Нұр-Сұлтанға біржола көшіп келді. Жақында елордаға қоныс аударған Ұлттық банк сол жағалаудағы су жаңа ғимаратқа орналасты.Енді жаңа орындағы ұлттық банктің жаңа да, күрделі жұмыстары алда. Бүгін Президентпен өткен онлайн кездесуінде бас банкир Ерболат Досаев Ұлттық банктің алдағы жоспары және инфляция деңгейі жайында жайында есеп берді.
Экономистердің пікіріне сүйенсек, жекеменшікке несие беру көлемін қысқарту экономиканы қалпына келтурге кері әсер етеді. Еліміздегі банктер қажетті деңгейде несиелендірмей отыр. Осылайша, өзін өзі жұмыспен қамтып, шағын ісін айнладырғысы келетіндер таныс-тамырынан қарыз алып немесе тұтынушылық несиені алып жанын сақтап отыр. Шағын кәсіпкерлік үшін бұл несиенің өзі қолжетімді емес. Себебі, олардың табыс көзін дәлелдейтін мүмкіндіктері жоқ. Нәтижесінде банктер несие бермейді. Ал кәсіпкерлер несие пайызы шарықтап тұрған шағын несиелеу ұйымдарына жүгінуге мәжбүр. Президент Тоқаев Ұлттық банк осы мәселені кенже қалдырғанын айтты. Ал елдегі банктер әрбір клиент үшін күреспей отыр деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев – ҚР президенті "Соңғы үш жылда экономиканы несиелеудің өсімі аса байқалмады. Банктер жұмыс барысында барынша қолайлы және тиімді жағдай ұсына отырып, әрбір клиент үшін белсенді күреспейді. Сонымен қатар қазіргі жағдайда бизнеске қаржы ресурсы қажет және оны жылдам алуы керек. Сондықтан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп, экономиканы, шағын және орта бизнесті несиелеуді арттыру бойынша нақты шаралар қабылдауы қажет".
Одан әрі Тоқаев айырбас бағамының тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл мәселеде Үкімет пен Ұлттық банк үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін айтты. Квазимемлекеттік компаниялардағы басы артық валютаны ішкі нарыққа сату тәжірибесін жалғастыра беру керек. Ұлттық банк қажет болған жағдайда айырбас бағамын тұрақтандыру үшін қосымша шаралар қабылдауы қажет деді Тоқаев. Сонымен қатар Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп, кепілсіз тұтыну несиесіне қатысты мәселені ұдайы бақылауда ұстау жөнінде тапсырма берілді.