Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Армениялық көліктің әлегі

c 00:15, 17/06/2020 c 508

0:00 / 0:00

Рөлі оң жақта орналасқан көліктер, сондай-ақ 2020 жылғы 1 ақпаннан кейін әкелінген көліктер тіркелмейді. Оларға тек сары нөмір беріліп, тамыз айының соңына дейін тұрақты есепке қойылуы керек. Еске сала кетейік, 1 маусымнан бастап армениядан әкелінген көліктерді қазақстандық есепке қоюға рұқсат етілген. Елде  Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Алғашқы екі аптада 2 мыңнан астам автокөлік тіркелген.Бұл жайында  Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов онлайн брифинг барысында айтты.Елге әкелінген көліктердің басым көпшілігі елдің батыс өңірінде тіркеуге қойылған.

Өздеріңізге мәлім, жыл басында көптеген көлік жүргізушісі өз наразылықтарын білдірген болатын. Шетелде есепте тұрған көліктерін тіркеу талабына қарсылық білдіргенді. Жүргізушілер мемлекеттік нөмірді қазақстандық нөмірге ауыстыру тым қымбат, бір көліктің құнымен тең деп даурыққанды. Көрші Ресейден, Армениядан, Қырғызстанан  жапапй көлік әкелгендер оның бағасының арзандығына қызыққандарын айтады. Қазір бұл көліктер сол шет елдерде есепте тұр. Енді армениялық  көлік иелеріне 1 маусымнан бастап қазақстандық есепке қоюға рұқсат берілді. Бірақ адамдар бәрібір асығар емес

Серік Түсіпов  - ҚР ІІМ әкімшілік полиция  комитеті төрағасының орынбасары; «Кейбір азаматтар  уақытты созып, тамызда бірақ тіркеуден өтпекші. Бұл дұрыс емес. Себебі, белгіленген уақытқа дейін көлігін рәсімдеп үлгермей қалуы мүмкін. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бір уақытта жаппай өтініш білдірсе, үлгермей қалады. Оның үстіне карантин барысында бұл қауіпті. Одан да қазір көліктерін қайта тіркеп алғандары жөн. ХҚО ұзын-сонар кезек жоқ. Уақыт жеткілікті».

Қазақстанда құны 8 млн теңгені құрайтын автокөлік, Арменияда 4 млнға сатылады. Енді шетелдің арзан автомобилін  сатып алған 170 мың көлік иесі әртүрлі шетелдік нөмірмен жүр. Олар енді қиын жағдайға тап болды. Себебі олар заң бойынша көліктерін осы елде тіркеуі тиіс. Ол үшін салып төлеуі керек. Бұл сома сатып алған көліктің құнымен бірдей. Енді армениялық көлікті  алып сатардан сатып алғандардың мәселесі не болмақ?

Алғашқы екі аптада 2 мыңнан астам автокөлік тіркелген Республикадағы тіркелген көліктердің жартысына жуығы батыс облыстарының үлесінде. Тіркеу рәсімі өте қарапайым және азаматтардан көп уақытты қажет етпейді.Көліктерді тіркеуге 11 900 теңге төлеу керек болады. Рөлі оң жақта орналасқан көліктер, сондай-ақ 2020 жылғы 1 ақпаннан кейін әкелінген көліктер тіркелмейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.