0:00 / 0:00
Пандемия барысында млндаған қаржы бөлінген Цифрлы Қазақстан бағдарламасы өзінің тиімділіген көрсете алмады.Білім мен денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетуде қауқарсыз екенін аңғардық. Карантин талабы бойынша қашықтықта оқып, онлайн сабақ жүргізуге тырысқан ұстаз бен оқушы интернеттің әлсіздігінен қиындықтарға тап болды. Әсіресе ауыл баласы онлайн сабақ оқи алмады. Ал шалғай жатқан ауылдар үшін интернет арман болған. Бүгін халыққа онлайн түрде есеп берген Цифрландыру министрі ауылды мектендерді кеңжолақты интернетпен, ұялы байланыспен қамтимыз деген таудай уәдесін берді.
Онлайн есеп беру барысында Цифрландыру министрі Асқар Жұмағалиев 21 ғасырда интернетті армандап отырған ауылдықтарды қарық қылам деді.
Бүгінде 117 қалаға, халық саны 250 адамнан асатын 3324 ауылға кең жолақты интернет тартылған. Алайда, әлі 2 мыңнан астам ауылда интернет түгілі, мобильдік байланыс жоқ. Жыл соңына дейін 800 аса шағын ауылға мобильдік байланыс орнату көзделген.
Асқар Жұмағалиев –ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш министрі; «Шалғай ауылдарды барлық технологиямен қамту өте қымбатқа түседі. Сондықтан біз барынша мобильді кең жолақты интернетті тартуды қолға алып жатырмыз»
Ең бастысы қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздік қалыптастыру үшін, сапалы интернет қажет екені сөзсіз.Есеп беру барысында мәлім болғандай, Қазақстанда енді некені тіркеуге QR-код арқылы өтініш беруге болады.
Сондай-ақ, алдағы уақытыт барлық құжаттарыңызды өзіңізмен бірге тасып жүрудің қажеттілігі болмай қалады. Мысалы, қалтаңыздан түспейтін жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, көліктің паспорты сияқты құжаттарды енді смартфон арқылы көрсетсеңіз болады. Бұл ұсыныс әзірге Парламентте талқыланып жатыр. Осылайша, қалалықтар QR-код арқылы некесін қиып жатқанда, ауылдықтар қарапайым интернет пен ұялы байланысқа қол жеткізе алмай отыр.