0:00 / 0:00
Қазақстанда балалардың қауіпсіздігі сақталмай отыр. Өткен жылы балалардың қатысуымен орын алған 3,5 мың жол-көлік апаты болса, онда 250 бала көз жұмды. 400-і жарақат алды. Ал биыл елімізде балалардың терезеден құлауының 21 дерегі тіркелді. Жыл сайын Қазақстанда балаларына дұрыс қарамаған мыңға жуық адам ата-ана құқығынан айырылады. Бүгін Халықаралық балаларды қорағу күніне орай онлайн жүйеде өткен брифингте балалар мәселесі айтылған еді.
Жыл сайын елімізде балаларына дұрыс қарамаған мыңға жуық адам ата-ана құқығынан айырылады. Ювеналдық полицияның дерегі осындай. Оның басты себебі- баланың ата-анасы ішімдікке салынып, бала тәрбиесімен айналыспайды.Бала көше кезіп, қаңғыбас болып, күнін көріп жүретін деректер тіркеледі. Мұндай отбасымен қаншалықты тәрбие жұмыстары жүргізілгенімен, нәтиже жоқ. Әрине, кейін емделіп, жұмысқа тұрып жатса, ана-анасына баласын қайтарып беру де қарастырылған. Бұл деректер жетім балалар үйін жабу туралы ел аддында тұрған міндетті орындауға кедергі болып отыр.
Ата-аналар тарапынан бала қауіпсіздігін қамтуда қарапайым шаралар ескерусіз қалып жатады. Төтеншеліктер, елде балалардың терезеден құлап, көз жұму фактісі өршіп тұр деп дабыл қағады. Тек биылғы жылдың 5 айда балалардың терезеден құлауының 21 оқиғасы тіркелді. Енді мұнда жазатайым оқиғаны болдырмау үшін, терезе блоктарын орнату міндеттелмек.
Көзінің ағы мен қарасындай мәпелеп, тәрбиелеп өсіріп отырған балаларды жол үстіндегі апаттан қорғау да қиын боп тұр. Жылдамдықты асырып, мас күйінде көлік басқаратын жүргізушілердің кесірен жол үстінде балалардың қайтыс болу дерегі артып тұр.
Әсет Оспанов – Қр Іім ювеналды полиция басқармасының басшысы; «Өткен жылы балалардың қатысуымен 3,5 мың жол-клік апаты орын алды. Онда 250 бала қайтыс болып, 400 бала жарақат алды. Ал ағымдағы жылы 600 факті тіркелді»
Сондай-ақ, жайдары жаздың рахаты суға шомылу мерзімінде ата-аналарға бала қауіпсізідігіне немқұрайлық танытпауға кеңес беріледі. Бүгін халықаралық балаларды қорғау күнінде, кішкентай қазақстандықтарды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter желісіндегі парақшасында құттықтады. Президент бұл өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке. Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге қақылы", - деді.