Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Елордада блокбекеттер алынбайды

c 12:00, 27/05/2020 c 647

0:00 / 0:00

Елорда әкімі үшін карантин талабын бұзғандарды жауапқа тарту қиын боп отыр. Алтай Көлгінов әр адамға бір полицейден қоя алмаймын дейді. Бүгін онлайн брифинг өткізген шаһар басшысы, қаланың карантиндегі тіршілігі жайында баяндады. Әкім қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер қашан жүре бастайтынын айтты. Республикада төтенше жағдай аяқталғанмен, облыстар мен қалаларда карантин сақталды. Ал қалаға кіре берістегі блокпостар алынбайды деді. Айта кетсек,  Нұр-Сұлтанда барлығы 1 686 адамда коронавирус диагнозы расталды. 914 науқас жазылып шықты, бес адам қайтыс болды.

Елде төтенше жағдай аяқталып, карантин шаралары қалды. Коронавирустың таралу өсіміне қарай, карантин талабы жеңілдетілуде. Бүгінде елордада тіршілік  жанданды. Кәсіпорындар жұмыс істеп тұр. Сауда орындары, сән салондары, адам санына шектеу қойылған тәртіппен мейрамхана, дәмханалар, тіпті моншалар да қайта жұмысын бастады. Дегенмен, карантиннің жеңілдеуі салдарынан вирус жұқтырғандар саны артып кетті.

Ал төтенше жағдай алынысымен, адамдар тым босаңсып кетті. Карантин талабы бойынша көпшілік боп жиналмау мәселесі мүлдем елеусіз қалды. Елорда әкімі үшін карантин талабын бұзғандарды жауапқа тарту қиын боп отыр. Алтай Көлгінов әр адамға бір полицейден қоя алмаймын дейді.

Карантин шараларын жеңілдетуде қалаға кіре берістегі блок бекеттер мен қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер  мәселесі әлі шешілген жоқ. Әкім мамыр айының соңына дейін блок бекеттер алынбайды деді. Ал көпшілік күткен қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер де  эпидемиологиялық жағдайға байланысты мамырдың соңына дейін іске қосылмайды.Тек жағдай тұрақталса,келесі айда ашамыз деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.