Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚазМұнайГаздағы қысқарту

c 02:18, 19/05/2020 c 575

0:00 / 0:00

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы қызметкерлерінің 34 пайызын қысқартты. Бұл мұнай бағасының құлдырауына қатысты жасалған шара. Компания өкілі Дәулетжан Хасановтың айтуынша,  ҚазМұнайГаздың табысы 3 есеге азайды. Енді компания бұл қиындықтан шығу үшін  дағдарысқа қарсы стратегия жасап жатыр.

Қара алтынның бағасы құлдырап, мұнайды тасымалдау әлісіреді. Бұл әлем тап болған проблема. Дағдарыстан шығудың жолын іздеген «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мәселені қызметкерлер санын қысқартудан бастап жатыр. Компания коронавирус пандемиясына байланысты мұнай өнімдеріне сұраныстың төмендеуі компанияның қаржылық жағдайына теріс әсер етіп отыр дейді. Осыған орай ұлттық 3 есе азайды.

ҚазМұнайГаз компаниясы қызметкерлерінің жалақысын да қысқартып, жыл соңына дейін сыйақыдан бас тартуға мәжбүр. Алайда, компания өкілі қазмұнайгазшылардың жалақы көлемін атамады.

Айта кету, керек мұнай мен газ өндіріп отырған алып компанияда жұмыс істеу көптің арманы. Жалақысы қомақты. Мұндай майшелпекке тап болу үшін таныс-тамыр керек. Қазмұнайгаз компаниясында жұмыс ісеп жатқандардың көбісі жоғары лауазымды тұлғалардың, депутаттар мен шенеуніктердің балалары деген ақпарды Хасанов мырза жоққа шығара алмады. Ал әкесінің тегі баласының қызметте қалуына көмектесе ме, жоқ па?

Дәулетжан Хасанов – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ адами ресурстарды басқару жөніндегі басқарушы директоры; «Ақпарат дұрыс емес. Мен компаниямыздағы қызметкерлердің басым бөлігі жоғары лауазымды тұлғалардың балалары дегенді растамаймын. Олар да жақсы мамандар. Әрине мұндай адамдардың қыздары жұмыс істейді компанияда. Бірақ олар көп емес. Сондықтан, біз қызметкерлерді қысқарту барысында оның тегіне қарамаймыз»

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.