0:00 / 0:00
Премьер-министр Үкіметтің келесі отырысына 2020 жылы экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар шығаруды тапсырды. Асқар Мамин атап өткендей, карантин жеңілдетілгеннен кейін экономика саласын қалпына келтіруді бастау керек. Үкімет басшысы алдағы кезеңдегі басым міндет бәсекеге қабілетті шикізаттық емес секторға, инвестицияларға және қосылған құн тізбегін біріктіруге негізделген экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру болатынын атап өтті.
Дүниежүзілік банк Қазақстан үшін "өнімділік стагнациясын жеңу"атты зерттеу жариялады. Өзінің зерттеуінде каржы институты, егер Қазақстан дамыған 30 ел бағытында қозғалғысы келсе, онда дамудың экономикалық моделін түбегейлі өзгерту қажет дейди. Тәуелсіз экономистер Қазақстанда экономика бөлімінде ілгерілеу байқалмайтынын айтады. шикізаттық емес сектордың өсуі жоқ; жеке бизнес дамымайды; импортты алмастыру жұмыс істемейді; банктер экономиканы дамытуда аз рөл атқарады. Бүгін премьер экономика құлдырагандыгын мойындады, бірақ себеп пандемия дейді ол.
Экономикалық ынтымақтастық ұйымы экономикадағы мемлекеттік компаниялардың басым деңгейі индексін есептейді. Олардың статистикасы бойынша Қазақстандағы жағдай дамыган елдерге қарағанда 2 есе кем нашар. Бұл ретте, Үкіметтің барлық жекешелендіру жоспарларына қарамастан, Қазақстан экономикасындағы мемлекет үлесінің айтарлықтай төмендегені байқалмайды. Біздің экономикамызда үлкен қаржы ресурстары негізінен нарықтық емес, мемлекеттік жолмен бөлінеді, себебі бұл КСРО-ның жоспарлы экономикасында болған. Енді укимет не ұсынбак? Бүгін премьер қызметтерді дамытуды шешті.
Мемлекеттің нарықтық қатынастарға араласуы "таңдамалы" жеке компаниялардын өркендеуіне мүмкіндик береди, бирак олар көбінесе тиімсіз басекеге кабилети жок. сонда не істеу керек? Мұнай елдеріндегі жаппай кәсіпкерлікті дамыту және экономиканы әртараптандыру үшін халықаралық зерттеулер мемлекеттік капитализмді бұзуды және экономикалық бостандықтарға негізделген нарықтық экономиканы құруды ұсынады. Бұл ретте Ұлттық қорда жинақталатын шикізат ақшасын пайдалану жөніндегі қатаң және нақты ережелер болуы тиіс.