Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Парламенттік оппозиция

c 23:30, 06/05/2020 c 516

0:00 / 0:00

Ел Парламенті оппозициялық көзқарастағы әріптестерімен жұмыс істеуге дайын ба? Бүгін өткен Мәжілістің онлайн жалпы отырысында Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын мақұлданды. Бұл жоба парламентке оппозициялық көзқарастағы депутаттардың келуіне жол ашады. Парламенттік оппозиция бір сессия ішінде кемінде бір рет парламенттік тыңдауға бастамашылық жасауға, балама заң жобаларын енгізуге құқылы. Парламенттік оппозициядан комитет төрағасы болуға мүмкіндік бар.

Еске сала кетейік, Парламентке оппозиция өкілдерін әкелу туралы ұсынысты  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Ұлттық кеңестің отырысында айтқан болатын.  Ел Парламентіне оппозиция келсе, ас үйде айтылатын әңгімелер енді жоғарғы заң шығарушы орган қабырғасында талқыланатын болады. Оппозициялық көзқарастағы саяси партияларға мүмкіндік беретін бұл заң жобасына сәйкес,оппозиция бір сессия ішінде кемінде бір рет мемлекет пен қоғамның тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер бойынша парламенттік тыңдау өткізуге құқылы. Сондай-ақ, парламенттік сессияда кемінде екі рет үкімет сағаттарының күн тәртібін белгілеуге, оппозиция мақұлдамайтын үкіметтік заң жобаларына альтернативті заң жобаларын енгізуге мүмкіндік алады. Мұнымен қоса мәжілістің бір тұрақты комитетінің төрағасы тек оппозиция депутаттарының арасынан сайланатын болады. Оппозициялық парламентке құқық беретін заң жобасы бойынша баяндама жасаған Азат Перуашев, енді

Парламент  ас үйде айтылатын саяси және әлеуметтік мәселелерді талқылайтын болды деді.

Парламент жиындарында оппозициялық фракция өкілдерінің сөз сөйлеуіне мүмкіндік беріледі. Бұрын олардың микрофондарын сөндіріп тастайтын болса, енді оған заңмен жол берілмейді.Осылайша, көпшілік дауыспен Парламентке өткен билік партиясының өкілдеріне барымен бөлісуге тура келеді.

Алайда, бұл заң жобасына қатысты әттеген-ай да бар.  Ақжолдықтар заң жобасына БАҚ-да мемлекеттік тапсырыспен оппозициялық партиялардың қызметін насихаттау билік партиясымен тең  түрде болуы керек деген талап өтпей қалды деп отыр. Сондай-ақ, оппозицияға бюджет шығыстарын қадағалау мүмкіндігі берілмеді.

Қазір Парламентте үш саяси партия өкілдері отыр. 107 депутаттың тек жетеуі Ақ жол партиясына тиесілі. Яғни билік партиясы бюджеттің шығысын өзі бақылап, өзі жұмсап отыр. Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас демекші, депутаттар саны аз партиялардың дауысы рөл ойнамай қалып жатады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.