0:00 / 0:00
Пандемия барысында дағдарысқа тап болып отырған елдің шағын және орта бизнесін қолдау үшін мемлекет 1 трлн теңге бөлді. Бұған дейін бұл сома 600 млрд теңге болғанды. Алайда, төтенше жағдай барысында карантинде отырған бизнес табысынан айырылуда. Сондықтан «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясныда шағын және орта бизнес иелеріне мемлекеттік қолдау аясы кеңейтілді. Бұл жайында бүгін өткен онлайн брифингте ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Шыңғыс Ахметов хабарлады.
COVID-19 инфекциясы тарап, ел қиын сәтте өмір сүру жатыр. Төтенше жағдай енгізіліп, карантин талабы бизнесті де тұсаулап тастады. Шахарлардағы алып сауда орындары жабық тұр. Бір сөзбен айтқанда ел бизнесі дағдарысқа тап болды. Бұл жағдайда шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мақсатында бизнес жобаларды қаржыландыру үшін жалпы несиелеу көлемі 1 трлн теңгеге дейін ұлғайғатылды. Оның 700 млрд теңгесі агроөнеркәсіп кешеніне, 300 млрд теңге өңдеуші өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласына бағытталатын болады. Төтенше жағдай барысында ел бизнесіне мемлекет тарапынан кепілдік берілетін несие мөлшері 1 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Яғни банктен несие алушы бизнеске мемлекет кепілдік береді.
Бір жаманның бір жақсысы бар демекші, осы сын сағатта отандық кәсіпкерлерге әлеуетін арттыру мүмкіндігі туып отыр. Яғни импортпен келіп жатқан тауар түрлерін отандық өніммен алмастыру көзделуде. Ол үшін отандық өндірушілер осы мүмкіедікті пайдаланып қалуы керек.
Дегенмен, карантин барысында жұмыс істеуге рұқсат берілген кәсіпорындар тарапынан санитарлық норманы сақтамай отырғандар да жоқ емес. Елордада осындай 15 кәсіпорын жабылып қалды.Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, мейрамхана мен дәмханаларда тағамды өзің барып алып кетуге болатыны туралы сыбыс тараған. Алайда ол жерлерде тамақты жеткізіп беру қызметі ғана жүргізілуі тиістін. Ал азық-түлік дүкендерінде де санитарлық норма сақталмай, онда тұтыншулырадың кезекке тұру қауіпсіздігі қамтылмаған. Жалпы апта басынна бері карантин режимі жеңілдетіліп, қалада 3 мың кәсіпкер жұмысын бастады.