Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұшақ құлады

c 10:22, 18/04/2020 c 508

0:00 / 0:00

16 сәуір күні кешкісін Қарағанды қаласының жанында МиГ-31 ұшағы құлады. Жауынгерлік кезекшілікті атқаруға дайындық бойынша жоспарлы ұшуларды орындау барысында  құлаған ұшақ Қазақстанның Әскери-әуе күштеріне қарасты.  Апат Қарағанды қаласының әуежайынан оңтүстікке қарай болған. Ұшақ құлаған сәтте, бірден өрт шыққан. Ұшақтағы экипаж екі мүшесі зардап шекті, олар ауруханада жатыр. Екіншісінің жағдайы орташа ауыр дейді Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов. Бұл жайында ол бүгін өткен онлайн брифингте айтты.

Қарағандыда орын алған ұшақ апатынан соң Қазақстанда МИГ-31 жойғыш ұшақтары ұшуын тоқтатты. Күні кеше Қарағанды қаласының әуежайының маңында құлаған ұшақ апатының салдарын арнайы құрылған комиссия тексеріп жатыр. Жауынгерлік кезекшілікті атқаруға дайындық бойынша жоспарлы ұшуларды орындау барысында  құлаған ұшақ Қазақстанның Әскери-әуе күштеріне қарасты. Ұшқаннан кейін қозғалтқыштардың бірінде өрт шыққан. Бұйрық алғаннан кейін ұшқыштар әуе кемесін жерге жіберіп, экипаж катапульттелді. Ұшқыштар тірі, бірақ зардап шекті. Қазір екі ұшқыш та ауруханада жатыр. Біріншісінің жағдайы қанағаттанарлық, ал екіншісі орташа ауыр халде. Әуе қорғаныс күштерінің қолбасшысы ұшақтың құлау себептерінің бірнеше нұсқасы қаралып жатыр дейді.

Нұрлан Орманбетов – ҚР ҚМ әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы; "Комиссия әуе техникадан ақаулық шықты ма, әлде ол істемей қалды ма, осының бәрін жан-жақты зерделеп, тергеудің қорытындысын шығаратын болады. Қазіргі кезде апаттың бірнеше нұсқасы қаралып жатыр. Соның ішінде әуеде ұшақтың істемей қалуы және сыртқы факторлардың әсері бар. Әрине, адам факторы да қаралады", - деді Орманбетов бүгінгі онлайн брифингте.

Нұрлан Орманбетовтың айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарында апаттың себебіне қатысты сан алуан болжам айтылып жатыр Алайда, онлайн брифингте журналистерге   сұрақ қоюға мүмкіндік болмады. Брифинг сұрақ-жауапсыз өтті. Орманбетовтің  хабарлауынша, бортта болған екі ұшқыштың да ұшу тәжірибесі мол.  Ұшақ экипажы бәрін сауатты жасаған. Ұшқыштар әуе техникасын барынша сақтап қалуға тырысып бақты. Олар үшін басты міндет ұшақты қауіпсіз жерге бағыттау болды дейді ол.  Ал күні кеше ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай барысында елордада әскери жиынға шақырылған қорғаныс бригадасымен кездесті.шум
Кездесуде Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Президентке әскери қызметін өтеуге міндетті азаматтарды арнайы жиынға шақыру барысы қалай жүріп жатқанын, коронавирус пандемиясына қарсы күресте әскери қызметшілердің техникалық және жауынгерлік жабдықталуы туралы баяндап берді. Өздеріңіз мәлім, әскерилер аты жаман аурумен күресте залалсыздандыру жұмыстарына жұмылдырыған.
Сондай-ақ, Президент  вирусқа қарсы күреске қатысып жатқан әскреилерге ризашылығын білдіре келе,  патриотпыз деп кеудесін соғатындардың қиын сәтте бұғып қалып жатқанын  айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.