Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Төтенше жағдай мерзімі ұзартылды

c 00:15, 11/04/2020 c 739

0:00 / 0:00

Қазақстан Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев елде қауіпті індеттің қарқындауына байланысты төтенше жағдай мерзімін сәуір айының соңына дейін ұзартты. Бүгін мемлекет басшысының төрағалығымен  Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Оған облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары бейнебайланыс режимі арқылы қатысты деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ел ішінде аты жаман аурудың таралуы әзірге азаяр емес. Билік 15 сәуірге дейін төтенше жағдай режимін жариялағаны мәлім. Бүгінде барлық кәсіпорындар, сауда үйлері, қызмет көрсету орындары жұмысын тоқтатты. Қазақстандықтар қашықтықа жұмыс істеп, оқушылар мен студенттер оқып жатыр.  Бір айға жуық уақыт бойы төтенше режимде қазақстандықтар карантин талаптарымен үйде отыр. Бұл қауіпті індетті ауыздықтау үшін қажетті шара. Алайда, індеттің таралуы үдеп барады. Бүгінгі күні вирус жұқтырғандар саны республика бойынша 800-ден асты. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдай мерзімін сәуір айының 30 дейін  ұзартты. Бұл шешім бүгін өткен төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды.

Қасым-Жомарт Тоқаев –ҚР Президенті; "15 сәуірде төтенше жағдай режимі туралы Жарлығымның мерзімі аяқталады.  Төтенше жағдай режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуға тура келетіні қазірдің өзінде түсінікті болып отыр. Біз коронавируспен ауырудың шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды. Осы себепке байланысты карантин режимін елордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырамын. Мұның  оңтайлы шешім емес екенін түсінемін. Өйткені халық көшеге шығып, қалыпты тұрмысын жалғастырғысы келеді. Бірақ карантин режимін сақтаудан, оқшауланудан басқа жол жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсынысы"

Сондай-ақ, Президент карантиннің қатаң талаптарының арқасында елорда мен Алматы қалаларында жағдай тұрақталғанымен, індет жұқтырғандар саны өңірлерде өршіп отырғанын айтты. Бұл тиісті облыстарда қауіпті індетпен күрестің әлсіз жүргізіліп жатқаны деді Тоқаев.

Президент  аты жаман аурумен бетпе-бет күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қажеттілікпен қамту жұмыстары дұрыс жүргізілмей жатқанын айтып, сынады.

Ал басқа санаттағы медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету мәселесін әкімдерге жүктеді. Жұмыссыз қалғандарға беріліп жатқан 42500 теңгенің маңайындағы кемшіліктерді де атап өтті. Бұл орайда өз әлеуетін көрсете алмаған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын қосымша қаражатсыз қайта қарауды тапсырды. Ал мемлекеттің көмегін алу үшін азаматтарға қашықтықта төлем карталарын беру мәселесін алдағы үш күнде шешуді жүктеді. Үлкен шахарлардан басқа, өңірлерді де қажетті азық-түлік, күнделікті тұрмысқа қажетті тауармен қамтуды жіті тапсырды.Осы қиын сәтке қарамастан халықты жұмыспен қамут мәселесін басты назарда ұстауды әкімдердің есіне салды.Ал көктемгі егіс науқаны кезінде шаруаларды арзан отынмен қамту қажеттігін де тапсырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.