Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жабайы базарға тоқтау болмай тұр!

c 00:00, 13/04/2015 c 608

0:00 / 0:00

Күн жылынды, жәндіктердердің жанданатын уақыты таяп қалды. Бұл әсіресе жол бойында саттыққа түскен ет пен балық, сүт өнімдерінен адам денсаулығына келер қауіпті арттырады. Қаперлеріңізде болса, бұған дейін жабайы базарды жою мақсатында ішкі істер органымен бірлескен рейд өткізілген болатын. Ол кезде орталық жол жиектері заңсыз саудагерлерден бір тазарып қалғандай болған еді. Рейд кезінде жабайы базар саудагерлеріне 2000 теңгеден 10 мың теңгеге дейін айыппұл салынып, ескерту жасалды, коммуналдық базарлардан тегін орын-жайлар ұсынылды. Бірақ олар амалын тауып, осы жерден кетпеудің айласын жасап бағуда. Үйреншікті орындарына қайта жайғасуы олардың тұрақты тұтынушылардан ада еместігінде болып отыр,-дейді мамандар. Жабайы сауда нысандарын қаланың кез-келген ауданынан көруге болады. 2013-жылдың тамыз айынан бұл мәселемен ішкі істер бөлімі айналысып келеді. Бірақ кәсіпкерлік бөлімі де жабайы базарды жою жолындағы жұмысты күн тәртібінен түсірмек емеспіз,-дейді. Көше бойында саудасын қыздырып, нәпақасын тауып келген саудагерлерге бірнеше базар ішінен талапқа сай келетін 30 орын жай тегін беріледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.