Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қаламыздағы Солтүстік - Шығыс шағын ауданының №23 үйінің тұрғындары аталмыш үйге жауапты пәтер иелері кооперативі жұмысына наразы

c 00:00, 02/04/2015 c 737

0:00 / 0:00

Ашу мен ыза кернеген Солтүстік-Шығыс шағын ауданының №23 үйдің тұрғындары өздері бас қосқан жиында, аталған үйге қарасты пәтер иелері кооперативінің жұмысының салғыртығынан бастады. Бұл дау-дамай осымен бірнеше мәрте көтерілуде. Жұмысы мүлдем білінбейтін, жұмысшылары көзге көрінбейтін пәтер иелері кооперативінің қызметіне ешкімнің ақы төлейтін құлқысы жоқ. Бір өкініштісі, бар дауға себепші болған пәтер иелері кооперативімен байланысқа шығу мүмкін болмады. Бірақ, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі жақсы жағынан еске алды. Инспекция бөлімі басшысы мәлімдегендей, аталған үйдің өзі де, оның шатыры мен коммуникациясы жақсы жағдайда көрінеді. Ал тазалыққа сол үйдің тұрғындары өздері құлшыныс білдіру керектігін атап өтті. Сонымен қатар, тұрғын үй инспекциясы көп қабатты үйдің тұрғындары ПИК-ін ауыстыруда бірнеше қадам жасаулары керектігін де назарға салды. Мұндай жағдайда тұрғындар алдымен, үйді өз балансына алуға кетәрі емес жаңа ПИК-ін тауып, сол кооперативпен күн тәртібі назарында тұрған мәселерді көтеретін жиналыс жасаулары тиіс. Содан соң, үйді өзге ПИК-не беру жайына дауыс беріліп, қорытынды жасауда тағы да жиын жасалалып, шешіп айтылатын көрінеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.