Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қордай сапары

c 18:45, 02/03/2020 c 677

0:00 / 0:00

Қордайда орын алған қазақ-дүнген қақтығысына контрабандамен айналысқан топтар себеп болуы мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев демалыс күндері Жамбыл облысының  Қордай ауданына жасаған жұмыс сапарында Қордай қақтығысына қатысты пікір білдірді. Президент Қордайдағы халықпен кездесті. Өз сөзінде Тоқаев 11 адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаның қайталанбасына үміт білдірді. Президент дүнген халқының өкілдеріне  балаларына қазақ тілін үйретуге, бір жерде тұрақтамай, еліміздің өзге де аймақтарына барып жұмыс істеуге кеңес берді.

Өздеріңізге мәлім Қордайдағы қазақ-дүнген қақтығысы елді бір дүрліктірген болатын. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан 11 адам көз жұмды. Қаншама ғимараттар, үйлер, автокөліктер өртеніп кетті.  Даудың басы қазақ-дүнген азаматтары арасындағы теке-тірестен басталып, соңы ушығып кеткен болатын. Облыстың бұрынғы әкімі Асқар Мырзахметов бастаған, құқық қорағу органдары басышлары түгел қызметінен кетті. Қазір Қордай ісі бойынша 100-іс іс қаралып жатыр. Тергеу жалғасуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайға сапарында, бұл қақтығысқа контрабандалық жолда жүрген қылмыстық топтар себепші болғанын айтты.

Жергілікті халықпен кездесуінде Президент  дүнген қауымына "бір жерде отырмауға" кеңес берді. Мысалы, солтүстікте құнарлы жерлер бар.Сол жерде де еңбек етуге болады. Я болмаса балаларыңызды шығыс өңіріне де жіберіңдер деген ойын жеткізді.  Ал дүнген балаларына мемлекеттік тіл-қазақ тілін үйренген жөн деді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев, қиын-қыстау кезінде өзге ұлтты шеттетпей бауырына тартқан қазақ халық басқаларға үлгі боулы тиіс екенін. Ал қазақ жалқау деген сөзді доғару қажет екенін баса айтты.

Әрине мемлекет басшысы 100 аса ұлттың басын біріктіріп отырған Қазақ елінде татулық басты ұстаным екенін еске салды. Ал Қордай оқиғасынан сабақ алуымыз керек деді.  Президентпен бірге осы сапарда болған премьер-министрдің орынбасары Қордай қақтығысының салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.