0:00 / 0:00
Жаңа жылдан бастап қазақстандықтарды міндеттейтін төлем жүйеге қосылады. Ол- міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесі. Бүгін еліміздің бас дәрігері оны толық іске қосуға дайын екенін мәлімдеді. Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру аясында жұрт жиі пайдаланатын медициналық қызметтер қолжетімді болады. 2020 жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 1,5 есеге артады, яғни бюджеттен 1,6 трлн теңге бөлінеді. Қаржыландыру көлемі көбейген соң, МӘМС аясында ақылы тексерулер, белгілі бір аурулар тізімі бойынша немесе жеңілдік жасалған санаттарға ғана көрсетілетін медициналық қызметтер қолжетімді болады, - дейді министр Елжан Біртанов.
Бас дәрігер журналистерді жинап алып, жаңа жылдан бастап міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесі қосылатынын хабарлады. Алайда, министрлік бұл жұмыспен 2015 жылдан бері айналысып келе жатқанын білеміз. Араға төрт жыл салып, енді жүйе қосылмақ. Осы медициналық сақтандыру жүйесінен қалыс қалмау үшін 2125 теңге міндетті төлем жасау керек. Жұмысбасты азаматтар үшін жұмыс беруші төлесе, өзін жұмыспен қамтып жүргендер қалтасынан төлем жасауы тиіс.
Бұл жүйе енгізіледі дегеннен-ақ, қоғамда қарсы пікірлер туындады. Министр бұл жүйе сіңіп кеткенше даулы жағдайлар, медицина қызметкерлері мен халық арасында түсініспеушілік болатынын болжап отыр. Дегенмен, науқастың пайдасына шешіледі деген үмітте. Ал қазақстандықтар төлем жасауға міндетті. Төлем жасамасаңыз медициналық көмектен қағыласыз. Жұмыссыз қалған жағдайда медициналық үш айға дейін ғана жасалып, тоқтатылады.
Еске сала кетейік, Президенттің Жолдауында медициналық сақтандыруға қарамастан, мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін сол күйде қалдыратыны айтылды.