Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұрланған тұлпарлар

c 18:41, 07/08/2019 c 809

0:00 / 0:00

Бір үйдің екі бірдей бәйгеге қосатын қымбат сәйгүлігі ұрланды. Оқиға Тасқала ауданына қарасты Айнабұлақ ауылындағы Аяпбергеновтар отбасында болған. Қолды болған тұлпардың иесі баукеспелер бәйгеге қосып, талай жүлдені жеңіп алған жылқыларымды қорадан алып кетті деп жер соғып отыр. Тұлпарлар ұрланғанына 25 күн өтсе де үшті-күйлі табылмай тұр. Ішкі істер органдарының амалдары неге сылбыр?

Шілденің он бірі күні аяпбергеновтың екі бірдей тұлпары ұрланған. Қылмыскерлер сәйгүліктерді қорадан қолды қылыпты. Ұрланған жылқылардың иесі баукеспелер жай жылқыларымды емес бірнеше рет бәйгеге қосып, жүлде алып жүрген қымбат тұлпарларымды қолды қылды деп қынжылады.

Полиция департаментінің қызметкерлері: Тасқала ауданы тұрғынының шағымы бойынша тергеу жұмыстары басталды, тергеу жұмыстары полиция департаменті бастығының басты назарында,- дейді.

Бүгінде ауыл халқының дені мал бағып, күнін көріп отыр. Еліміз бойынша мал басын көбейту үшін түрлі бағдарламалар қабылданып, қыруар қаржы да бөлініп келеді. Бірақ, барымташылар шаруалардың адымын аштырмай тұр. Баукеспелердің кесірінен қазір мыңдаған адам зардап шегіп отыр. Биылғы жылы облыс аумағында 420-дан астам мал ұрлығы тіркелген. Полиция қызметкерлері қылмысқа барған 87 адам мен 13 қылмыстық топты құрықтапты. Десек те, ашылмаған қылмыстың саны мен табылмаған малдың саны мыңдап саналады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.