0:00 / 0:00
Судан келетін қауіп азаяр емес. Сол себепті жедел құтқару жасағының мамандары мен құтқарушылар жағалау маңында арнайы рейдтік шараларын ұйымдастырды. Сала мамандары қала тұрғындары қандай ескерту жасады? Судан келетін қауіпті болдырмау үшін қандай шараларды қолға алған дұрыс? Толығырақ, арна тілшісі тарқатып берсін.
Жазғы демалыс уақыттарында кәмелет жасына толмаған балалар ересектердің көзінен таса болып, жалғыз өздері жағалауға барып, суға шомылатын деректер көптеп кездеседі. Бұндай оқиғалар балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырмаған кезде орын алып жатады. Балалардың суда мерт болмауы үшін құтқарушылар арнайы рейд шараларын ұйымдастырып жатыр.
Суға түсу маусымы басталғалы бері ресми түрде үш адамның ажалы судан келгендігі анықталған. Қайғылы оқиғаның неліктен болатындығы баршамызға белгілі. Азаматтар белгіленбеген жерде, алкогольді өнімдерін тұтынып суға шомылады. Сондай-ақ, ересектер балаларын көзден таса қылып жатады. Шаһарымыз бойынша арнайы жабдықталған жағалаудың саны алтау. Алайда, жабдықталмаған жағалаулардың саны одан да көп.
Құтқарушылар суда қауіпсіздік шараларын естен шығармауға шақырады. Сондай-ақ, балаларды көзден таса қылмауды ескертеді.