0:00 / 0:00
Оралда Жайық өзеніне арналған ескерткіш белгі ашылды. Салтанатты шараға көрші Орынбор облысының делагаттары, қоғам қайраткерлері, өңір жастары, мен табиғат жанашырлары қатысты. Өткен жылы Батыс Қазақстан облысы мен Орынбор облыстары бірлесе отырып, екі елге ортақ Жайық өзенінің хал-ақуал жақсарту үшін арнайы "Жайық күнін" атап өтуге келіскен еді. Аталмыш мереке өткен жылы бірінші рет Орынбор өлкесінде ұйымдастырылғаны мәлім. Биыл бұл эстафетаны Ақ жайық өлкесі жалғап отыр. Жайықтың жағдайын талқылау үшін түрлі ғалымдар, қоғам қайраткерлерінің арнайы бас қосудағы негізгі мақсаты - келешек ұрпаққа көненің көзіндей болған Жайықты сақтап, аманаттау.
Жайықтың жағдайы күн тәртібінен түспеген мәселенің бірі. Оның экологиялық жүйесін қалпына келтіріп, мәселесіне назар аударту бүгінгі трансшекаралық өзенге алаңдаған жандардың басты мақсаты болып табылады. Аталмыш миссияны орындау үшін арнайы облыс орталығында Жайық өзеніне арналған ескерткіш белгі ашылды. Екі елге ортақ өзеннің тағдырына салғырт қарамаған жандардың баршасы осы шарадан табылды.
Сондай-ақ, Жайық өзеніне арналған ескеркіш белгінің ашылуынан кейін, 22 мәрте "Жайық-Урал" экспедициясы бастауын алды. Биылғы жылы аталмыш шара "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында іске асуда. Экспедиция мүшелері сумен 100 шақырымды жүзіп өтпек.
Елена Тарасенко
"Жайық-Урал" экспедициясының негізін қалаушы
Дәстүрлі түрде 22 мәрте "Жайық- Урал" экспедициясы өз жұмысын бастайтын болады. Биылғы жылы біздің маршрутымыз Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысының аумағында жүзеге аспақ. Бұл шараға бірінші рет Орынбор облысының Первый майлық командада қатысып жатыр.
Биылғы жылы "Жайық-Урал" экспедициясы Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысының аумағынды жүзеге аспақ. Биылғы экспедиция өңіріміздегі "Жайық" қалашығы мен Атырау облысында бой түзеген "Сарайшық" қалашықтарын жалғайтын болады. Экспедиция мүшелері аялдаған жерлерде халықпен жүздесіп, өзеннің экологиялық жағдайын талқылайтын болады деп күтілуде.