Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Біздің міндет-халыққа қызмет

c 19:57, 22/06/2018 c 855

0:00 / 0:00

Бүгінгі таңда 4000 мыңға жуық Батыс Қазақстандық мемлекеттік қызметте еңбектеніп жүр. Олардың саны жыл санап артып келеді. Мемлекеттік қызмет туралы ең алғаш бастаманы Елбасының өзі 1998 жылы көтеріп, кейін, елге қызмет жасайтын жандардың өкілетті органы құрылған болатын. Биылғы жылы маусымның 29-да барлық мемлекеттік қызметкерлер кәсіби мерекесін атап өтеді. Ел үшін қызмет жасау өмірлік парызым деп білген жандар өңірімізде баршылық.

Бұл, мемлекеттік қызметте 18 жылдан бері қызмет жасап келе жатқан - Венера Масимова. Бүгінгі таңда, біздің кейіпкеріміз мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл департаментінде басқарма басшысы қызметінде еңбектенуде. Ол тұңғыш рет конкурстық негізде жұмысқа қабылданған жандардың бірі. Венера Нұрахметқызы осы қызметте жұмысын жетекші маманнан бастап, күні бүгінге дейін осы салада қызмет жасап келе жатыр.

Он сегіз жылдан бері халыққа қызмет ету парызым деп білген сала басшысы қызметінен өзге, қоғамдық жұмыстарға белсенді ат салысып, түрлі байқауларда топ жарып, жас мамандарға үлгі болуда. Еңбекқорлығымен көзге түскен басшы туралы жұмыстастары да жауапкершілігін атап өтіп, еңбегін былай деп бағалап отыр.

«Біздің міндет -халыққа қызмет» деген ұстанымды ұстанған сала басшысы мемлекеттік қызметкер ең бірінші кезекте өз елін сүюі тиіс, ол патриот болған кезде ғана еліне, туған жеріне мінсіз қызмет жасай алады,- дейді.

Уақыт өте келе мемлекеттік қызметкерлерге деген талап пен міндет күшейіп жатыр. Олар Қазақстанның дамуы мен гүлденуі үшін аянбай қызмет етуі тиіс. Білікті кадрға жүктелген міндеттің жүгі ауыр.

 

Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.