0:00 / 0:00
Өткен жылдың қазан айында пайдалануға берілген көп қабатты тұрғын үйдің кәріз жүйесі істен шықты. Өткен жылдың күзінде баспанаға қол жеткізген пәтер иелері бұл жүйенің қыста да істен шыққанын хабарлап отыр. Кәріз жүйесінің істен шығуының салдарынан 101 үйдің жертөлесі суға толыпты. Тіпті, кейбір тұрғындар қолқадан алатын иістің салдарынан өзге жерге көшуге мәжбүр болдық,- дейді.