Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аудан әлеуеті арта түспек - Облыс әкімінің Сырым ауданына сапары

c 17:35, 07/06/2018 c 1120

0:00 / 0:00

Сырым ауданына қарасты Бұлдырты ауылында "Өңірлерді дамыту-2020 " бағдарламасының аясында су құбырларын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыс әкім Сырым ауданына жасаған іс-сапары барысында ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтитын 18 шақырымдық құбырларының құрылысымен танысты.

Бұл, Сырым ауданына қарасты Шолақаңқаты су қоймасының бүгінгі келбеті. Аталмыш су қоймасының жөндеу жұмыстары өткен 2016 жылдың қазанында басталып, былтырғы жылдың шілде айында аяқталған еді. Бұл нысан 850 гектар суармалы алқапты қалпына келтіріп, балық шаруашылығын қолға алуға мүмкіндік берді.

Ауыл тұрғындары облыс әкімімен кездескен тұста, Шолақаңқаты ауылдық округінің тұрғындары 16 шақырымдық жолдың тауқіметі мен мәдениет үйінің жоқтығын атап өтті.Сондай-ақ, облыс әкімімен жүздескен тұрғындар ауылдағы құрылыс қоқыстарының көптігіне, оларды жиыстыру ісі кенжелеп тұрғандығына да шағымданды.

Бұл, Сырым ауданына қарасты Қособа ауылы. Қазіргі таңда, аталмыш ауылда 250 -ден астам тұрғын үй бой түзеген. Мамыр айыннан бастап мәдениет үйінің құрылысы басталыпты. Құрылысшылар мәдени нысанның іргетасын қалау үшін жұмыстанып жатыр.

Ауыл тұрғындары:"-Іргетасы қаланып жатқан мәдениет үй жастардың келешегі үшін қажет. Ғимарат құрылысының басталғандығына қуаныштымыз"-, деседі. Сондай-ақ, қособалықтар несиеге тұрғын үй салу туралы пікірлерін ортаға салды. Тұрғындар ауылда бой түзеген үйлердің басым көпшілігі өткен ғасырдың бел ортасында тұрғызылған дейді. Тозығы жеткен үйлерде өмір сүру қиынға соғатыны баршаға мәлім. Сол себепті ауыл тұрғындары, әсіресе ауылдық жастар үшін несиеге жаңадан баспана салу азаматтардың мәселесінің шешілуіне ықпал жасамақ.

Сырым ауданындағы басты мәселенің бірі - тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда, ауданның таза ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 74,5 пайызды құрайды. Биылғы жылы "Өңірлерді дамыту-2020" бағдарламасының аясында Бұлдырты ауылына таза ауыз су жүргізу қолға алынды. Су құбырының ұзындығы 18 шақырымды құрап отыр. Мамандар құрылыс барысында отандық өнімді пайдаланып жатырмыз. Жұмыстардың баршасы биылғы жылы аяқталады,- дейді. Биылғы жылдың өзінде облыс бойынша 50 елді- мекенге таза су бармақ.

Облысымыздағы ең өзекті мәселенің бірі -жол. Аталмыш мәселені шешу үшін бюджеттен қыруар қаржы бөлінуде. Елбасының тапсырмасына сәйкес, Бөкей Ордаға баратын жолдың құжаттарын жинақтау жұмыстары үшін қаржы бөлініп, келер 3 жылда жібі түзу жол салынбақшы. Ал,  қазір Сырым ауданы орталығының іргесінде орналасқан Өлеңті ауылына кіреберіс жолды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолдың ұзындығы 1 шақырымды құрайды. Жөндеу көрген жол қазан айынан бастап, ауыл тұрғындарының игілігіне берілмек.

Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.