0:00 / 0:00
Жазғы демалыс уақытында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды көздеген демалыс лагерьлері жақын күндері өз жұмысын бастайтыны белгілі. Биылғы жылы да өзге жылдар секілді қала аумағында 4 жазғы лагерь қызмет жасамақ. Инфекционист мамандардың сөзінше, оқушылардың демалыстарын ұйымдастыратын лагерьлердің баршасы санитарлық тұрғыда тексерілгеннен кейін, арнайы рұқсат қағаздарын алып қызметтеріне кірісіп, бала қабылдайтын болады. Лагерь қызметкерлері медициналық тексерістен өткеннен кейін, жұмысқа жіберіледі. Сондай-ақ, жазғы сауықтыру лагерьлерінде балалардың тамағы да мамандардың бақылауында болмақ. Оларға қойылатын талап та күшті. Әрбір тағамның тиісті маркировакасы мен сертификаты болуы тиіс.