0:00 / 0:00
Орал қаласында дәстүрлі түрде Оралхан Бөкейдің оқуларының облыстық кезеңі өтті. Аталмыш шара биылғы жылы 17-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. Облыстық кезеңге 28 қатысушы жолдама алыпты.
Мемлекеттік тілді насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды өскелең ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында Оралхан Бөкейдің оқулары ұйымдастырылды. Қазақ әдебиетінің тарихында ойып тұрып орын алған жазушының шығармаларын насихаттау үшін болып өткен сайыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде сайыс қатысушылары жазушының прозасынан үзінді оқыды.
Оралхан Бөкей шығармашылығына арналған додада 28 қатысушы бақ сынасты. Сайыстың шарты бойынша қатысушылардың жасы 16 мен 22 жастан аспауы керек. Сайысқа қатысып жатқан жандар түрлі салада қызмет етеді, студенттер мен мектеп оқушылары да бар. Аудандық кезеңде топ жарған көркемсөз шеберінің бірі- Ұлдай Есказиева. Ол Ақсай қаласынан келген.
Оралхан оқуларына қатысқан 28 үміткердің алтауы үздіктердің қатарынан көріне білді. Бәйгенің бас жүлдесін Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың студенті қанжығалады. Оралхан оқуларында жеңіске жеткен қатысушы облыс намысын республикалық додада қорғамақ.