"Үздік мемлекеттік қызметкерлер" атты республикалық сайыстың облыстық кезеңі ұйымдастырылып жатыр. Аталмыш сайыстың негізгі мақсаты: мемлекеттік қызметкерлердің беделі мен кәсіби шеберлігін арттыру. Республикалық додаға бақ сынау үшін 28 қызметкерлер ниет білдіріпті. Алайда, облыс деңгейінде өтіп жатқан жарыстың тестілеуін тек 15 маман тапсырған. Тестілеуден сүрінбей өткен мемлекеттік қызметкерлермен сұхбаттасу ұйымдастырылды.