Сыбайлас жемқорлықтың елімізге тигізетін залалы туралы баяндалған «Под небом правды» атты деректі кинотуындының көрсетілімі өтті. Аталмыш фильм Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсіріпті. Кинотуынды қоғамдық сананы жаңғырту мен сыбайлас жемқорлықпен күресуге үндейді. Деректі фильмнің кезекті көрсетілімі өңіріміздегі жоғарғы оқу орындарында ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.