Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында қалалық әкімдік ғимаратында әдеп жөніндегі кеңестің ұйымдастыруымен арнайы "Мемлекеттік қызметтегі әдептілікті арттыру" тақырыбында семинар- тренинг өтті. Негізгі мақсат түрлі салада елдің дамуы үшін қызмет жасап жатқан мамандар әдеп жөніндегі кодекске енгізілген жаңашылдықтарды түсіндіріп, өткен жылы енгізілген әдеп жөніндегі уәкіл қызметін түсіндіріп, мемлекеттік қызметкерлер тарапынан туындаған сұрақтарына жауап беру. Шара барысында сөз алған сала мамандары мемлекеттік қызмет көрсету саласында орын алған жаңашылдықтарды баяндады.