Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да газ тарифі арзандамайды

c 18:53, 16/02/2018 c 800

Аймаққа іс сапармен келген ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев сұйытылған газ тапшылығына байланысты жағдайға тоқталды. Оның айтуынша, енді газ тарифі төмендемейді. Осы аптада облыста сұйық отынның әр литрі 77-80 теңгеге дейін қымбаттап кеткен болатын. Кей бекеттерде газ тек талон бойынша берілді. Айта кетейік, өңірге өнімді жалғыз жеткізуші-Жайықмұнай ЖШС. Кәсіпорынның айтуынша, айына әлеуметтік бағамен 800 тонна газ жеткізіледі. Ал облыстың қажеттілігі 2700 тоннаны құрайды.

Министр батысқазақстандықтардың Ақтөбе, Атырау, Ақтаумен салыстырғанда қымбаттау газ тұтыну себебі- жергілікті тұрғындардың тұтынып отырған Қарашығанақ газының құрамында күкірттің көптігінде. Ол Орынборда өңделіп, қайта елімізге келген кезде қымбатқа түседі. Сол себепті тарифті төмендетуге мүмкіндік жоқ. Ал Қарашығанақ газы Орынборда өңделіп, қайтадан өзімізге келген кезде шекарадағы құны -43 долларды құрайды екен.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.