Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құрылыста кідіріс болмайды

c 18:31, 16/08 c 64

0:00 / 0:00

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Қаратөбе, Сырым аудандарында болып, тасқыннан зардап шеккендерге арнап салынып жатқан тұрғын үй құрылысын қадағалады. Аққозы ауылдық округіне қарасты Қоржын ауылында жуырда 90 үй пайдалануға беріледі. Оның айтуынша құрылыста ешқандай кідіріс жоқ. Вице-премьер қалада қазығы қағылған үйлердің құрылысын да қадағалады. Облыс орталығының үш аумағында тасқыннан зардап шеккендерге арнап 374 баспана бой көтеруде.Алдымен вице-премьер «Жұлдыз» шағынауданындағы тұрғын жайлардың құрылысына зер салды. Мұнда барлығы 191 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Ауқымды шаруаға 17 компания, 600-дей адам жұмылдарылған. Қазіргі таңда баспаналарда ішкі әрлеу-әктеу жұмыстары жүргізілу үстінде. Бәрі кестеге сай, - дейді мердігерлер.Мұндағы 1 үйдің құны 25 млн теңге. Бұл қаржыға баспаналарды тұрғызумен қатар инженерлік желілерді өткізу, ауланы қоршау да кіреді. Қазіргі уақытта «Жұлдыз» шағынаудандағы құрылыс жұмыстарының 75 пайызы атқарылған. Қанат Алдабергенұлы салынып жатқан үйлердің қарқыны мен сапасын тексерді. Айта кетейік, «Жұлдыз» шағынауданындағы үйлерге 600 адам көшіп келмек. Сонымен қатар құрылыс басқармасының мамандары Қоржындағы құрылыстың сапасы бақылауда болатынын жеткізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.