Өңіріміздегі "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды. Ақпанның бірінен бастап облыстағы кәсіпкерлер палатасын Карин Сәкен Әбуханұлы басқармақ. Сәкен Әбуханұлы 1978 жылдың үшінші мамырында Ресей Федерациясына қарасты Астрахань облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Білімі жоғары. 1999 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетін тәмамдайды. Кейін, 2004 жылы Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық -заң университетінде білімін шыңдаған.Қызмет жолын Алматы қаласында салық кеңесші ретінде бастапты.