0:00 / 0:00
Орал қаласында өткен "Автобус" жедел алдын алу шарасы барысында осындай заң бұзушылық анықталып отыр. Азамат осыған дейін ереже бұзғаны үшін құжатынан айрылған екен. Соған қарамастан заңсыз жолмен қызметін жалғастырып, нәпақасын тауып жүрген. Сонымен қатар, республикалық деңгейде өткен рейд кезінде адам өміріне қауіп төндіріп, жылдамдықты шамадан тыс асырған 18 факті анықталып, көлік тізгінінде отырып, телефонмен сөйлескен 31 жүргізушіге айппұл салынған. Жалпы саны 111 құқық бұзушылық әшкере болып отыр.