Облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында асық ату ойынын насихаттау үшін арнайы шара ұйымдастырылды. Спорттық шараның негізгі мақсаты ұлттық спорт түрін өскелең ұрпаққа насихаттап, салауатты өмір салтына деген қызығушылықты арттыру болып табылады. Тағдырдың тауқыметін тартып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың асық атуға деген қызығушылығын анық байқауға болады. Бүгінгі таңда облыс көлемінде 100-ден аса жас спортшы асық ату спорт түрімен кәсіби тұрғыда шұғылданып жатқан көрінеді.