Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗБАҒАНДАР ДА БАР

c 10:19, 20/06 c 57

0:00 / 0:00

Қарғын судың салдарынан еліміздің 10 аймағында төтенше жағдай жарияланды. 19 мыңнан астам үй суда қалды. 120 мыңнан астам адам, оның ішінде 40 мың бала қауіпсіз жерге көшірілді. Осылайша көктемнің әлегіненен халық әбден әбігерге түсті. Баспанасынан айырылды, жылдап жинаған мүлкі мен малы да суға ағып кетті. Тасқын судың алдын алу шараларын ұйымдастырмаған әкім-қараларды анықтағанша, мемлекет қазынасынан қаржы бөлініп, зардап шеккендерге бір реттік көмек, шығындарын өтеу жүріп жатыр. Ел басына күн туған шақта қара халықтан бастап, қалталы азаматтар, тіпті көршілес елдер де көмек қолын созды. Біз табиғи апат кезінде жұрт болып жұмылдық. Біртұтас ел екенімізді көрсеттік. Құтқарушылар, әскерилер, ішкі істер органдары мен әкімдік қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеді. Олар Отан алдындағы парызын мінсіз атқарды. Бір сөзбен, антқа адал болды – деді Мемлекет басшысы. Бұл орайда Президент Кентаулық Гауһар Шаймерден есімді оқушының әрекетін ерекше атап өтті.

Су тасқыны кезінде еріктілердің де еңбегі көзге түсті.Қасым-Жомарт Тоқаев өздерін нағыз отаншыл әрі жауапты азамат ретінде көрсеткен еріктілердің еңбегін жоғары бағалап, оларды қазіргі заманның батырлары деп атады. Өкінішке орай қиын-қыстау кезеңде халқына көмек қолын созбағандар да болды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімтеніше, биылғы су тасқынында сегіз мыңан астам мал қырылды. Оның ішінде ұсақ мал – 6 мың бас, ІҚМ – 1,5 мың бас, жылқыдан – 514 бас өлді. Үкімет қырылған малдың шығынын өтейді, бірақ ол малдар тіркелмеген болса өтемақыдан үміт жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.