Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

УТИЛЬАЛЫМ ЖОЙЫЛА МА?

c 08:33, 25/05 c 75

0:00 / 0:00

Елде утильалымына қатысты шу қаралы қаңтар оқиғасынан кейін көтерілген еді. Сол кезде президент Қасым-Жомарт Тоқаев экс-президенттің қызы Әлия Назарбаевға тиесілі болған «Оператор РОП» компаниясының утильалым жинауын тоқтатуды тапсырған болатын. Елде орын алған наразылық шараларынан соң утильалым көлемі 50 пайызға төмендеген еді. Бірақ соның өзінде оның көлемі тұтынушының қалтасын қағып отыр. Өнімнің өзіндік құнын бірнеше есеге арттырады. Ал ең басты мәселе ақша қайда кетті? ақшаның бір бөлігі 4 пайыздық үстемемен автокөлік несиесіне жұмсалды. Екінші бөлігі қоғамдық көліктер сатып алуға бағыттталады. 181 миллиард теңге қайда кеткені белгісіз.Бұл мәселені қоғам белсендісі Санжар Боқаев та көтеріп, утильалымнан олигархтар мен саяси элита пайда көріп отыр деп мәлімдеді. Оның айтуынша, утильалымнан табысқа кенеліп отырғандардың тізімінде экс- премьер Асқар Мамин, вице - премьер Роман Скляр, индустрия экс министрі Атамқұлов, Автобизнес қауымдастығының президенті Лаврентьев, автокөлік бизнесін тізгіндеген Нұрлан Смағұлов, экология экс -министр Брекешев және бұрынғы президенттің кіші қызы Әлия Назарбаева да бар. Ал осы аптаның басында елордада бір топ белсенді петиция жариялап министр Шарлапаев пен вице-премьер Роман Склярдың отставкасын талап еткен болатын. шум

Өнеркәсіп министрі Қанат Шралапаевқа утильалымы жойыла ма деген сұрақты тілшілер бірнеше рет қойған болатын. Бұл жолы да министр райынан қайтпағанын айтты.

Ал халықтың талабын ескеру үшін петиция заң аясында қаралды деп отыр министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін сенатор Әли Бектаев үкіметке жолдаған сауалында ауыл шаруашылығы техникасына утилизациялық алымды алып тастауды ұсынған болатын. Депутаттың мліметінше, ауыл шаруашылығы техникасының 76%-ының тозығы жеткен. Норматив бойынша әр мың гектарға 5 трактор мен 3 комбайнның керектігін ескерсек, қазір егіс алаңдарына 65 мың трактор, 43 мың комбайн жетпейді. Ал оны жаңартуға шаруалардың шамасы жетпейді. Оған қоса жаңа ауыл шаруашылығы техникасына утилизациялық алымның құны жоғары. 2024 жылы утиль алымының көлемі – бір трактор үшін 370 мың теңгеден 7 млн 380 мың теңгені, ал бір комбайн үшін 1 млн 600 мың теңгеден 8 млн 300 мың теңгені құрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.