0:00 / 0:00
Кеше әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталып жатқан Қуандық Бишімбаевтың сотында марқұм Салтанат Нүкенованың мүрдесіне медициналық сараптама жүргізген сарапшы Тахир Халимназаровтың жауабына куә болған едік. Сарапшы Нүкенованың денесіне жасалған жарақаттарды манекенде сызып көрсетті. Онда бассүйегі мен бетіндегі іздер көрсетілді. Марқұмның бетіне, бас сүйегіне 12-13 соққы тиіп, соның бәрі жиналып, өлімге әкеліп соққанын айтты ол. Марқұмның мұрны да сынған. Нүкенованың "мұрнын унитазға ұрып сындыруы мүмкін" дегенді айтты. Ол "адам унитазға өзі құлап мұндай ауыр жарақат алуы мүмкін емес" дейді. Бұған дейінгі соттарда сотты болып жатқан Бишімбаев әйелі Саланат унитазға өзі құлап жарақат алған дегенді. Сондай-ақ, сарапшы халимназаров Салтанаттың мойнында қылқындыру белгілері барын да айтты. Ал бүгінгі сот отырысында марқұмның құрбысы Аидамен вотсаптағы жазбалары жария етілді. Өткен жылдың 19-ы сәуірінде Салтанат құрбысына «адвокат керек» деп жазған.
АЙЖАН АЙМАҒАНОВА – ПРОКУРОР "Ол менің заттарымды бермейді. Мен біреумен келуім керек. Немесе әкеммен, ағаларыммен. Мен бәріне дайын болуым керек. Мен жай ғана заттарымды алып кетуім керек"
Одан әрі марқұм Салтанат құрбысына күйеуі Қуандық оны ұрып-соққанын, фото суретін ағасы Айтымға жібергенін, кейін олар төбелескенін жазады. Ал Бишімбаев бопсалаудан қорқып, Нүкенованың жалаңаш бейнесін түсіруді талап еткен.
АЙЖАН АЙМАҒАНОВА - ПРОКУРОР "Ол жібермейтінін, менің отбасымда соққы іздері көрінетін фотосурет бар екенін, біз оны жариялаймыз деп бопсалап, одан ақша талап етуіміз мүмкін екенін айтты.Мен оған құбыжықсың деп айттым, бірақ ол мені видеосыз жібермейтінін білдім"
Сондай-ақ, марқұм Бишімбаев оның әр қадамын, әр хабарламасын, әр қоңырауын бақылайтынын жазады. Айтқанын істемесе жанжал болатынын.Бишімбаевтың "кез келген жерде айғайлап, қорлай салатынын" айтқан. Ал Алматыға кеткісі келгені үшін күйеуі Қуандық оның шашын жұлып алғанын жазған. Салтанат құрбысынан отбасында болып жатқан бұл жағдай туралы ешкімге айтпауын жылап өтінген.Естеріңізге сала кетейік, Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстанның ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша процесс жүріп жатыр. Ол өзінің әйелі Салтанат Нүкенованы ерекше қатыгездікпен өлтірді деп айыпталуда. Сотталушылардың орындығында қылмысты жасырды деген күдікке ілінген оның туысы Бақытжан Байжанов та бар.