Бұл күні әр тамшысы зор қасиетке ие болады деп сенетін христиан дінінің өкілдері өзен-көлдердің суларына ыдыстарын толтырып, -25 градус аязға қарамастан ойықтағы суға шомылды. Биыл қауіпсіздікті қамтамасыз етуші құтқарушылар облыста шомылуға арналған 14 орында кезекшілік ұйымдастыруда.
Биыл қасиетті суға шомылушы жандардың саны төмендеп отыр. Оған басты себеп қатты аяз болса керек. Орал қаласындағы шоқыну меркесінің ең басты рәсімдері Ескі ішркеу маңында болды.
Проваславтық христиандардың мерекесін қауіпсіз өткізу үшін жағалауда ТЖД мен денсаулық сақтау саласының мамандары мен тәртіп сақшылары кезекшіліктерін жалғастырды.
Шоқыну мерекесіне қатысушылар діни наным-сеніммен қоса, мұздай суға шомылу адам денсаулығын нығайту үшін де пайдалы деп санайды