https://youtu.be/6JI2oVsOtQc
Тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы 2011 жылы пайда болды. Сол уақыттан бері 92 тұрғын үй жаңғыртылып, бұл мақсатқа жалпы сомасы 887 млн теңге бөлініпті. Тұрғындарға жаңғырту бөліп төлеу мүмкіндігі берілгені үшін тиімді. Ружейникова 10/1 мекен-жайындағы бұл үйдің жертөлесі бұрынғымен салыстырғанда айтарлықтай жақсарып, тұрғындардың көңілінен шығып отыр. Былтыр Оралда 4 үй жаңғыртылған. Биылға жоспар одан да ауқымдырақ. Тұрғындар ай сайын 3000 теңге төлеп, жөндеу жасатқанның арқасында коммуналдық төлемдерді төлеуде біраз үнемдеп отырғандарына разы.
Бұл үйдегі жұмыс екі жылға жоспарланған.