Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

РЫБАКИНА ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

c 18:37, 12/07/2022 c 2050

0:00 / 0:00

Қазақстандық теннисші, Уимблдон -2022 чемпионы Елена Рыбакина Қазақстанға оралды. Чемпионды түнде вице-премьер Ералы Тоғжанов бастаған топ елорда әуежайында қарсы алды. Чемпионға елде үлкен құрмет көрсетіліп, бүгін премьер-министрдің қабылдауында болды. Әлихан Смайылов қанжығасы майланып келген Елена Рыбакинаға II дәрежелі «Достық» орденін табыстады. Одан әрі жеңімпаз журналистермен өткен брифингке қатысты.

Елена Рыбакина әлемдік аренада ең жоғарғы жүлделі орынды иеленген қазақстандық алғашқы теннисші. Уимблдон -2022 чемпионы атағын қанжығасына байлаған Еленаны Қазақстанда үлкен құрметпен қарсы алды. Бүгін түнде чемпионды үкімет басшылары бастаған жанкүйерлері әуежайда қарсы алды. Рыбакинаға қазақтың қонақжайлық рәсімі жасалып, ол бауырсақтан дәм татып, қымыздан ауыз тиді. Премьер-министрмен кездесіп, Әлихан Смайылов чемпионды жеңісімен құттықтап, II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Елена Рыбакина 2018 жылы біздің елге келіп, Қазақстан азаматтығын алған болатын. Енді Рыбакина өзіне қолдау көрсетіп жатқан қазақ еліне қызмет жасамақшы.

ЕЛЕНА РЫБАКИНА – «WIMBLEDON-2022» ЧЕМПИОНЫ «Мен турнир ұйымдастырып немесе жас ойыншыларға грант тағайындаған дұрыс деп ойлаймын. Себебі, мен мұнда зор қолдауға ие болдым. Енді жас буынның дамуына менің көмектесетін кезегім. Бұл мен үшін үлкен қуаныш пен жауапкершілік. Кеше Қазақстанға ұшып келгенде мені қарсы алған адамдардың көп болғанын көрдім. Бұл жағдайдың менің басымнан өтіп жатқанына әлі де сене алар емеспін»

Чемпионмен өткен брифинг барысында оның азаматтығына қатысты сұрақ қойылды. Рыбакина өзінің Қазақстан азаматы айтты. Сондай-ақ, соңғы 2 жыл бойы нақты еш жерде тұрмаймын. Әр апта сайын бір қонақүйден екінші қонақүйде жүремін. Одан қалды дайындықта, жарыста жүремін. Яғни нақты тұрақты мекенім жоқ, - деді. Айта кету керек, Уимболдандағы жеңісінен соң Ресейдің теннис федерациясы тарапынан Рыбакинаға қатысты әртүрлі пікірлер айтылғанды.

ЮРИЙ ПОЛЬСКИЙ –ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТЕННИС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ «Ресей теннис федерациясының бұл жеңіс олардың еңбегі деп айтқан пікірі мен үшін түсініксіз. Олардың еңбегі болса, неге оны қолдан жіберіп алды. 2018 жылы ресейліктер Елена Рыбакинаның теннисте болашағы жоқ деген болатын. Осыған нүтке қоятын кез келді. Рыбакина Қзақастанға келіп, азаматтығын аусытырып, осы елдің атынан олимпиадаға қатысты. Қазақстан делегациясы құрамында Уимболдан турнирін ұтты»

Осылайша Елена Рыбакина Уимболдан чемпионатында жеңіске жетіп, еліміздің көк туын желбіретті. Ол бұл жеңісі үшін 2,5 млрд теңге сыйақы алды. Қазақстандық теннисші жүлде қаражатының бір бөлігін елімізде қайырымдылыққа және юниорларды қолдауға жұмсайтынын айтты. Сондай-ақ, жарыстан алған сыйақының бір бөлігін жануарларды қорғауға бағыттамақ. Айта кету керек, Рыбакина Қазақстанның теннис федерациясының сыйақысынан бас тартты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.