0:00 / 0:00
Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Рухани жаңғыру» институтының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік - тәуекелі тұратындардың еншісінде» тақырыбында 2-ші облыстық әдістемелік семинары өтті. Шараның басты мақсаты-Алаш тұлғаларының тәуелсіздігімізге тірек болар қанатты қағидаларын жаңа ұрпақ бойына сіңірту. Өңірге белгілі тұлғалар мен педагог мамандардың қатысуымен өткен жиынға облыстық мәслихат депутаты Бағдат Ізмағанбет те қатысып, мемлекеттік тіл дәрежесі туралы түйдекті ой қозғады.