0:00 / 0:00
Сенатор Мұрат Бақтиярұлы Агробанк құруды ұсынды. Депутат үкімет басшысына жолдаған сауалында аграрлық сала еңбеккерлерін қаржылай қолдауды күшейту үшін Қазақстанда ауыл шаруашылығы банкін құру қажет деді. Оның айтуынша Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдерде агробанк бар. Шаруалар жері мен жылжымайтын мүлігін кепілге қойып банктен ұзақ мерзімге арзан несие алады. Бұл орайда ісін айналдырып отырған көрші елдердің аграриясымен қазақстандық шаруалар бәсекеге түсе алмай отыр.
Тағы бір банк құру ұсынылды. Сенатор Мұрат Бақтиярұлының пікірінше Қазақстанның ауыл шаруашылық саласындағы мүмкіншілігі өте зор. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру аясын кеңейтіп, ішкі нарықты қамти отыра, экспортқа шығуға болады. Осылайша Қазақстан Еуразиялық аймақ халқының жартысын ауыл шаруашылық өнімімен қамти алады. Егер ауыл шаруашылық өндірісін дамытса, мұнай мен газ, металдан түскен кіріс осы саладан да түсіп, қазынаны толтыра алатын еді. Ол үшін аграрлық саясатты өзгерту қажет дейді шаруалар. Депутаттың айтуынша, Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдерде агробанк бар. Шаруалар жері мен жылжымайтын мүлігін кепілге қойып банктен ұзақ мерзімге арзан несие алады. Бұл орайда ісін айналдырып отырған көрші елдердің яғни Ресей мен Блеоруссияның аграриясымен қазақстандық шаруалар бәсекеге түсе алмай отыр.
Бүгінде Қазақстан халқының 46 пайызы ауылда тұрады. Оған қоса 200 мың ауыл шаруашылық тауар өндіруші бар. Ауылда білім, денсаулық сақтау, мәдениет саласының қызметкерлері және өзге саладағы кәсіпкерлер барын назарға алсақ, ауылдарда банк клиенттерінің саны 1 миллион адамнан асады. Яғни отандық ауыл шаруашылық саласын дамыту үшін Агробанк құрып, арзан несие берілуі керек дейді сенатор.
Арзан несие беріп, ауыл шарушалығын дамыту туралы мақсат жақсы әрине. Алайда, үкімет депутаттардың бұл ұсынысын қолдай ма деген сұрақ туады. Себебі, Ұлттық банк Агралық банк құрудан бас тартып отыр. Банк өкілдері өзге елдердің тәжірибесі көрсеткендей, аграрлық банк өзге әмбебап банктермен бәсекеге ілесе қалмауы мүмкін деген пікірде. Сондай-ақ, ауа-райына тәуелді аграрлық секторды қаржыландыру үшін тәуекелге баруға тура келеді. Мұның соңы бюджеттен қаржы тартуға әкеп соғуы да мүмкін дейді банкирлер. Ұлттық банк мұндай тәуекелге барғысы келмейді. Бұған дейін Қазақстанда үш агробанк банкротқа ұшыраған болатын.