Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТОУНХЕНДЖ»

c 10:10, 01/10/2021 c 1224

0:00 / 0:00

Аты-шулы LRT жобасына бөлінген миллиардттарды жымқырғандарға халықаралық іздеу жүргізіліп жатқан жоқ дейді  Мәжіліс  депутаты Мақсат Раманқұлов.  Депутат  қазір сотта LRT ісі бойынша жеті адамның аппеляциясы қаралып жатқанын еске салды. Алайда осы қылмыстық істің негізгі фигуранттары – қала әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" экс-басшысы Талғат Ардан Интерполдың тізімінде жоқ дейді ол. Мәжілісмен бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетовке аталған азаматтарға іздеу жүріп жатыр ма? LRT бойынша бюджет қаражатының қандай үлесін осы екі адам жымқырды? Ұрланған бюджет қаражатының қай бөлігі мемлекетке қайтарылды?- деген сұрақтарын жолдады.

Халық аузында «елдегі сыбайлас-жемқорлыққа қойылған ескерткіш» деп аталып кеткен LRT  жобасының бағандары әлі күнге дейін елорданың көркін кетіріп тұр. Жаз айларында бұл жоба бойынша жұмыс жалғасады деген ақпарат тараған еді. Әзірге өзгеріс жоқ. Қоғам тек ақша жымқыру дерегіне емес, аяқталмаған бетон тіректеріне наразы.  Енді мәлім болғандай аты-шулы LRT жобасына бөлінген миллиардттарды жымқырды деп күдікке ілінген басты фигуранттар Интерполдың тізімінде болмай шықты дейді мәжілісмен Раманқұлов.

МАҚСАТ РАМАНҚҰЛОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ -«Бұл "отандық Стоунхендж" үшін 120 миллиард теңге бөлінді, бірақ жұмыстың 15 пайызы ғана аяқталды.Қазір сот осы іс бойынша сотталған жеті адамның апелляциялық шағымын қарастырып жатыр. Ал осы қылмыстық істің негізгі фигуранттары – қала әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" экс-басшысы Талғат Ардан халықаралық іздеуге берілген. Алайда тамыз айында кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында "Сұлтанбеков мен Ардан Интерполдың тізімінде жоқ" деген мәлімет тарады. Оны ешкім жоққа шығармады».

Ақжолдықтар  LRT ісі бойынша шетелге қашып кеткен екі адамға іздеу салынғанына күдік келтіріп отыр.  Себебі, бұл аталған күдіктілердің қайда жүргені жайында бәріне мәлім, бірақ оларды жауапқа тартуға асықпай отырмыз дейді депутат.

МАҚСАТ РАМАНҚҰЛОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Әлеуметтік желіден олардың отбасы мүшелері Нью-Йоркте бейқам әрі молшылықта, рахат өмір сүріп жатқанын көруге болады. Сонда қылмыстық жауапкершіліке тартылған адамдарды ешкім іздеп жатқан жоқ. Олар елден ұрлаған миллиардтаған ақшаны емін-еркін жұмсай алады. Демек сол ақшаны қайтару мәселесі де кейінге қалып отыр. Шамасы біздің құқық қорғау органдарымыз олардың ақшаны толығымен жұмсағанын күтіп отырған сияқты».

Депутаттың мәлімдеуінше, сотталған жеті адамның адвокаттары қазақстандық прокурорлардың Интерполға берілетін тапсырысты дұрыс рәсімдей алмағанын айтқан. Сол себепті қашып кеткен екі адамның жүрген жері белгілі болса да, оларды ұстау шарасы қолға алынып жатқан жоқ. "Ақ жол" фракциясы бас прокуратурорға аталған азаматтарға іздеу жүріп жатыр ма? LRT бойынша бюджет қаражатының қандай үлесін осы екі адам жымқырды? Ұрланған бюджет қаражатының қай бөлігі мемлекетке қайтарылды?- деген сұрақтарын жолдады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.