Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

НАН ҚЫМБАТТАЙ МА?

c 09:51, 29/09/2021 c 939

0:00 / 0:00

Биыл орын алған  қуаңшылық салдары елде нан бағасының қымбаттауына әкеп соғуы мүмкін деген болжам бар. Алайда, ауыл шаруашылық министрлігінің өкілдері дәл қазір нанның қымбаттауына негіз жоқ, дегенмен  баға шарықтаса Үкімет тарапынан тиісті іс-шаралар қабылданады деп сендіреді.

Биылғы қуаңшылық қазақстандық диқаншыларды алаңдатқаны мәлім. Бұл ас атасы-нанның екі сеге қымбаттауына әкеп соғады деген болжамдар да бар.  Қымбатшылық қара халықтың қалтасын қағады. Елде егін жинау науқаны аяқталуда.  Ауыл шаруашылығының мәліметіне сүйенсек, 15,5 млн гектар дәнді және дәнді бұршақ дақылдары жиналды. Барлығы 15 тонна астық бастырылды. Соның ішінде 11,7 млн тонна бидай алынды. Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше қазір бидайға баға өскен. Қазақстанның ішінде де, әлемдік нарықта да астық бағасының өсуі байқалады. Мұның соңы нанның қымбаттауына әкеп соға ма? Департамент басшысы дәл қазір нан бағасы бірден қымбаттайды деуге негіз жоқ. Бірінші сұрыпты ұннан жасалатын әлеуметтік нан бағасына реттеу жүргізіледі дейді.

АЗАТ СҰЛТАНОВ  ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ « Егер астық бағасы шынымен де өсетін болса, ұн  да қымбаттап, нанның бағасына әсер етуі мүмкін. Ондай жағдай орын алса бағаны реттеу, тұрақтандыру жүргізіледі. Бұл наубайхана кәсіпорындарына әрі қарай жүйелі жеткізу үшін ұн тарту зауыттары өндірістік корпорацияларының қорынан астық көлемінің бір бөлігін алу жолымен іске асырылады»

Осылайша министрлік өкілдерінің өзі нанның бағасын ұстап тұра аламыз ба, әлде шарықтап кете ме деген сұраққа сенімді жауап айта алмай отыр. Нарықта астық пен ұнның мөлшері жеткілікті. Қамбаларда нан бар. Сәйкесінше, астықты ұнға айналдырылып, жеткілікті мөлшерде наубайхана кәсіпорындарына жеткізіледі деп уатады. Ал биыл жаз айларында нанның құны 11,8 пайызға қымбаттағаны есімізде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.