0:00 / 0:00
Соңғы 2 жылда ел аумағында атмосфералық ауаның жоғары деңгейдегі ластануы бойынша 1296 жағдай тіркелген. Сондай-ақ, су қоймаларында 934 ластану дерегі анықталған.Өкінішке орай, экологиялық жағдайға мониторинг тиісті деңгейде жүргізілмейді. Тіпті, ластанудың көздерін анықтау бойынша шаралар қабылданбай отыр және заң бұзушылықтарды жою, залалды өтеу жұмыстары да нашар жүргізілуде дейді Парламент Сенатының депутаты Андрей Лукин. Сенатор Үкіметке жолдаған сауалында қауіпті қалдықтардың айналымын бақылауды ұйымдастыру және оларды толық залалсыздандыру, атмосфералық ауаның экологиялық проблемаларын шешу, сондай-ақ заңсыз карьерлерді қалпына келтіру мәселесін қолға алуды сұрады.
Елдің экологиялық ахуалы алаңдатады. Сарапшылар,қоршаған ортаны қорғауды қолға алмасақ, мұның арты экологиялық апатқа әкеліп соғады деп отыр. Еліміздің қай аймағында болмасын экология нашар. Әсіресе, ауыр өнеркәсіп кәсіпорындары орналасқан өңірлерде жағдай мүшкіл. Ауаның ластануынан, халық онкологиялық ауруларға шалдығып, аллергияның зардабын шегуде. Сенатор Андрей Лукин елдегі ауа тазалығын бақылайтын мемлекеттік мониторингтің сапасы күман тудырады дейді. Депутаттың айтуынша, тиісті орган қоршаған ортаны қорғау, ауаны ластану көздерін анықтау бойынша жұмысын жүргізе алмай отыр.
АНДРЕЙ ЛУКИН – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Соңғы 2 жылда еліміздің аумағында атмосфералық ауаның жоғары деңгейдегі ластануы бойынша 1296 жағдай тіркелген. Сондай-ақ су қоймаларында 934 ластану дерегі анықталған. Соған қарамастан ластану көздері анықталмай отыр және жыл сайын 1,5 млрд теңге жұмсалатын қоршаған ортаның жай-күйін бақылау материалдары да қолданылмай келеді».
Жыл сайын млрдттар бөлініп жатса да экологияны ластаушыларды бақылау, қадағалау жұмысы кенже қалып отыр. Сенатор соңғы жылдары зиянды өндіріс орындарын құру және кеңейту кезінде халықтың мүддесін ескермеу фактілері жиілеп кеткен дейді.
АНДРЕЙ ЛУКИН – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Сондай-ақ, елде, соның ішінде астана маңында заңсыз карьерлер назардан тыс қалып отыр. Егер ел экологиясын қорғауға көзқарасымыз өзгермесе, еліміздің флорасы мен фаунасына айтарлықтай қауіп төнеді».
Депутат Үкіметтен қауіпті қалдықтардың айналымын бақылауды ұйымдастыру және оларды толық залалсыздандыру, атмосфералық ауаның экологиялық проблемаларын шешуді сұрады. Ал бұған дейін экология министрі Мағзұм Мырзағалиев ауасы өте лас он қаланы атаған еді. Оның ішінде мегаполистер мен өнеркәсіптік қалалар бар. Атмосфералық ауа, жерүсті суларын ластанып, қалдықтармен жұмыс істеу бір жүйеге қойылмаған. Ластаушы заттардың шығарындысы 2,5 миллион тоннаны құраған. Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу проблемасы да шешілмей тұр. Соның ішінде қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары санитарлық және экологиялық талаптарға сай келмейді, оларды өңдеу деңгейінің төмен және апатты үйінділер проблемасы тұр.