0:00 / 0:00
Үкімет Президенттің жолдауында көрініс тапқан міндеттерді орындау үшін Ұлттық жобаны талқылап, қабылдады. Оның ішінде өңірлерді дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, денсаулық, білім, цифрландыру салаларын қамту көзделген. Мысалы, алдағы 5 жылда барлық қала мен ауылы таза сумен қамтымақ. Жалақыны көтеру, жеке сектордың үлесін ұлғайту, салықтық жүктемені азайту арқылы нақты табыстың өсуін қамтамасыз етуге назар аудармақшы Үкімет. Премьер-министр Асқар Мамин Жолдау қолдау үшін әкімдер мен министрлерге жоспардың іс-шараларының сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету бойынша жауапкершілікті жүктеді.
Мемлекет басшысының Жолдауында халыққа қызмет көрсету саласын жеңілдету мақсатында цифрландыруды дамыту айтылғанды. Ал осы жұмысты атқаратан білікті 100 мың ІТ-маман даярлау, цифрлық саладағы қызметтер мен тауарлардың экспортын 2025 жылға қарай кемінде 500 млн долларға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл Үкімет қабылдаған жалпыұлттық жобада көрініс тапты. Сондай-ақ, инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсету мақсатында Ұлттық геологиялық қызмет құрылады. Денсаулыққа келгенде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген вакциналарды сатып алу жеделдетіледі. «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде кемінде 12 санитариялық-эпидемиологиялық сараптама зертханасы жоғары технологиялық жабдықпен қамтамасыз етіледі. «Білім беру туралы» заңға өзгерістер енгізіледі. Мұғалімдер 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өтеді. Қашықтан білім беру сапасын арттыру үшін «Цифрлы ұстаз» жобасы іске асырылады. Алдағы төрт жылда 1000 мектеп салынады. Халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне гранттар беріліп, ақшалай сыйақы да төленеді.Ең бастысы халықтың әл-ауқатын көтеру үшін ең төменгі жалақы 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге артады. Жекелеген кәсіпорындарда жұмыс істейтін қызметкерлердің де еңбекақысын көтеру міндеттеліп отыр. Ол үшін кәсіпкерлерге жеңілдіктер ұсынылады.
Сондай-ақ, алдағы 5 жылда өңірлерді дамыту жобасы тұр. Қазақстанның барлық қала мен ауылдарын дамыту үшін 22 шара жүзеге асады. Таза ауызмен қамтымақ.
Елдегі ластанған 10 қаланы газ немесе баламалы қуат көздеріне көшіру жоспарланып отыр.