Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Елорда мектебінде оқушылар кварцтан зардап шекті

c 09:47, 09/06/2021 c 629

0:00 / 0:00

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары кварцтан зардап шекті. Оқушылар кварцтеуге арналған ультракүлгін шамы сөндірілмеген кабинетте 1,5 сағат бойы емтихан тапсырған.  Салдарынан  төрт оқушының  кварц әсерінен көздері зақымдалды, деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Назарбаев зияткерлік мектебінің әкімшілігі бұл келеңсіз жағдайды растап отыр.

Әлеуметтік желіде қызы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқитын ата-ананың жазбасы тарады. Онда «кеше өткен емтихан барысында кварцты өщіруді ұмытып кеткен сияқты. Ата-аналар чатынан мәлім болғандай бәріміздің балаларымыздың жағдайы нашарлап, ауруханаға жүгіндік. Енді ата-аналар мектепке бара жатырмыз» деп жазған. Бұл жазба тарасымен аталған мектепке хабарласып мардымды жауап ала алмадық. Ал Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы бірден  №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жедел жәрдем көмегімен Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары жеткізілгенін растады. Оқушылар мектептен келгесін кешке қарай денсаулығына шағымданып,  жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.

Олар кварц шамының әсерінен кейін өздерін нашар сезінгенін айтқан. Төрт оқушыны дәрігерлер тексерді. Зардап шеккендер арасында 2004 жылы туған үш бала және 2005 жылы туған бір оқушы бар.

Назарбаев зияткерлік мектебінде басым бөлігі қалталылардың балалары оқиды. Ақылы меткептің жыл сайынғы  төлемі миллион теңгеден асып жығылады. Мәселенің мән-жайын білу үшін айтулы мектепке бардық. Барған бетте білім ордасының күзет қызметі журналистерді ауласына кіргізбей, басшылық орнында жоқ, жоғарғы жаққа кетті деген сылатуын айтып жолатпады. Тілшілер баспасөз қызметіне хабарласып, бір сағат бойы күттірген мектеп директоры алдымызға шығып, емтихан барысында оқушылардың кварцтан зардап шеккенін растады. Мектеп басшылығы денсаулығына зақым келген оқушылардың барлық медициналық шығындарын өтейміз, кінәлілерді анықтап, жауапқа тартамыз деп ақталды.

Маусымның 7 күні НЗМ 10 Д сынып оқушылары қортындылау емтиханын тапсыру барысында кабинетте кварц қосулы болған. Кварцтеуге арналған ультракүлгін шамының астында 15 оқушы 1,5 сағат бойы емтихан тапсырған. Мұғалім де түк сезбей отыра берген. Мектеп оқушыларының айтуынша, кварц шамы мұғалім отыратын жерден алшақтау, ол шамның арғы бетінде отырған.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы «Мен олармен жеке таныс емеспін, достарым араласады. Бірақ біз оларды көрдік. Түрлерінен көздері қызарып, шаршаңқы екені көрініп тұрды. Ата-аналары келіп шу шығарғасын, оларды бүгінгі емтиханнан босатып, үйлеріне жіберді».

НЗМ 10 сынып оқушылары әлі 4 пән бойынша емтихан тапсыруы керек. Кварцтан зардап шеккен сынып оқушыларының бәріне дәрігерлік тексеруден өтуге кеңес берілді. Әзірге бұл сынып қалған емтиханын тапсыра ма, әлде мектеп оларды еш сынақсыз 11 сыныпқа көшіре ме белгісіз. Алайда бұл оқушылардың ата-аналарымен хабарласу мүмкін болмады. Зардап шеккен оқушылардың бірі сұхбат беруден бас тартты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.