Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Індет қайта өршіп тұр

c 19:03, 12/03/2021 c 517

0:00 / 0:00

Қазақстанда коронавирустың таралуы қайта өршіді. Соңғы тәуліктегі мәлімет бойынша, ковид жұқтырғандар саны 899  науқасты құрады. Ел астанасы-Нұр-Сұлтан қаласы қызыл аймаққа қайта енді. Дәрігерлер бұл індеттен құтылудың бір жолы-ковидке қарсы вакцина екенін тағы еске салады. Бүгініг күні елімізде 34 мыңнан астам адам екпе салдырды. Олар дәрігерлер, педагогтар мен құқық қорғаушылар.

Қазақстанда қауіпті індеттің таралуы қайта өршіп тұр. Соңғы тәулікте ресупбика бойынша 899 адамда ковид инфекциясы анықталды. Ірі қалалар қызыл аймаққа қайта енді. Елорданың санитарлық дәрігерлері бес күнде қала қызыл аймақтан шықпаса, карантин шараларын қатаңдатамыз деп мәлімдеді. Әлемді жайлаған індетті ауыздықтаудың бір жолы-ковидке қарсы вакцина екенін мамандар жарыса айтуда. Қазақстанда ақпан айынан бастап екпе жасалып жатыр. Ресейлік вакцинаны бүгінгі күні 34 мың қазақстандық алды. Жартысы вакцинаның екінші дозасын алып үлгерді.

Еске сала кетейік, отандық вакцина сәуір айында енгізіледі деген жоспар бар. Денсаулық сақтау министрлігі жыл соңына дейін 6 миллион адамға екпе жасатпақ. Ал жалпы ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін, жұмыс істеп жүрген қазақстандықтардың 80 пайызы індетке қарсы екпе салдыруы тиіс. Мамандар коронавируспен ауырғандардың ағзасында қалыптасқан антидене де қорғаныш бола алады дейді. Сондықтан вакцина салдырмас бұрын антиденеге тест тапсырған да жөн. Алайда, бұл орайда сарапшылардың пікірі әртүрлі. Қуатбаеваның айтуынша, антидененің вирустан қорғау күші науқас ауырғаннан кейін алты айға дейін ғана жетеді.

Ал онкологиялық ауруы бар науқастарға вакцина салдыру мәселесі әзірге талқылануда. АҚШ және Еуропа елдерінің онкологтары қатерлі ісігі бар науқастарға өлі вирусы бар вакцина салуды ұсынуда.  Сондықтан,  осы стандарттарға сай келетін қазақстандық вакцинаның қолданысқа берілуін күтіп отырмыз, - дейді отандық онкологтар. Өкінішке орай, Қазақстанда 5600-ге жуық онконауқас коронавирус жұқтырып,  45-і осы індеттен көз жұмған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.